Қазақстандықтар Төтенше жағдай кезеңінде онлайн түрінде 15 миллионнан астам мемлекеттік көрсетілетін қызметтер пен сервистерді алды
2020 жылғы 21 наурыздан бастап 10 мамырға дейін қазақстандықтар онлайн түрінде 15 миллионнан астам мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мен сервистерді алды, оның ішінде Telegram, Facebook және ВКонтакте мессенджерлерінде чат-боттар арқылы 835 мыңнан астам мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мен сервистер, eGovMobile қосымшасы арқылы 1,5 миллионнан астам және «Электрондық үкімет» порталы арқылы 12,6 миллионнан астам мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мен сервистер алынды.
Төтенше жағдай кезеңінде алынған мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мен сервистердің жалпы санынан қазақстандықтар 2,5 миллион бейне қоңыраулар шалған. 430 мыңға жуық «Мобильді азаматтар» базасында қайта тіркелген. 338 мыңнан астам жеке тұлға және 18 мыңнан астам заңды тұлға үйден шықпай ЭЦҚ алды. Сондай-ақ, 10 мыңнан астам адам eGov.kz порталдың басты бетінде ХҚКО-на баруды онлайн брондау бойынша сервисін пайдаланды.
««ҰАТ» АҚ мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мен сервистер бойынша ғана емес, басқа да ауқымды жұмыстарды атқарды. Төтенше жағдай кезеңінде мемлекеттік органдардың барлық орталық аппараттары қашықтан жұмысқа ауыстырылды және бұлыңғыр құжат айналымына қосылды. Оның ішінде 12 мыңнан астам белсенді мемлекеттік қызметкерлер 208 мыңнан астам авторизацияланды. Бұл мемлекеттік органдармен бірлескен жұмыс жалғасуда» - деп «ҰАТ» АҚ Басқарма төрағасы Әсет Тұрысов атап өтті.
Сондай-ақ, қазақстандықтар 1414 Бірыңғай байланыс орталығының кеңестерін белсенді пайдалануды жалғастыруда. Осылайша, 1414 ББО операторларымен 12,5 миллионға жуық қоңырауларды қабылдады және өңдеді.
Естеріңізге сала кетейік, осы таңда онлайн түрінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 80% қолжетімді. Оны қазақстандықтар egov.kz Электрондық үкімет сайтында, eGov Mobile қосымшасында және Telegram (@Kenes1414bot) мессенджерлеріндегі чат-боттардың және Facebook және ВКонтакте әлеуметтік желілерінің көмегімен ала алады.