Skip to main content

«ҰАТ» АҚ мен QazCode арасындағы меморандум: ЖИ технологияларын дамытудың жаңа кезеңі

Жасанды интеллект технологияларын дамыту мақсатында «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ («ҰАТ» АҚ) мен QazCode компаниясы одан әрі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Серіктестік Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің жасанды интеллект (ЖИ) саласындағы цифрлық шешімдерді әзірлеу жөніндегі қызметі аясында ұйымдастырылды.

Меморандумға 12 маусымда Астанада Beeline Қазақстан мен QazCode цифрлық өнімдерін ұсынған Demo Day шарасында қол қойылды. Құжатқа сәйкес, қатысушылар қазақстандық цифрлық кеңістікте жасанды интеллект технологияларын қолдану аясын кеңейтуде белсенді ынтымақтасады.

«Меморандум ЖИ технологияларын белсендірек енгізуге қатысты бірқатар жобаларды жүзеге асыруға оң әсерін тигізеді деп ойлаймын. Біздің жұмысымызда біз пайдаланушылардың сұраныстарын қанағаттандыру үшін ең тиімді шешімдерді ұсынуға назар аударамыз. ЖИ технологияларын белсенді енгізу жеке инновациялық цифрлық қызметтерді де, жалпы цифрлық кеңістікті де дамытудың негізгі кезеңі болып табылады», - деді «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасының міндетін атқарушы Дмитрий Мун.

QazCode қазақстандық нарықтағы ЖИ технологиялары саласындағы белсенді ойыншы болып табылады. Beeline Қазақстан мен QazCode компаниясы жасанды интеллект саласындағы өз дамуының шешімдерін ұсынады.

«Цифрлық трансформация уақыты келді және біздің міндетіміз қазақстандық цифрлық кеңістікті дамытуға көмектесу. Біз ҰАТ-мен осы саладағы мүмкіндіктерді зерттеу үшін ынтымақтасатын алғашқы цифрлық оператор болғанымызға қуаныштымыз және миллиондаған қазақстандықтар жақын арада біздің ынтымақтастығымыздың нәтижелерін бағалай алады деп үміттенеміз», - деп қорытындылады QazCode бас директоры Алексей Шаравар.

Меморандумға Demo Day аясында қол қойылғанын, сонымен қатар Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Beeline арасында байланыс қызметтерін жетілдіру туралы меморандумға қол қойылғанын атап өткен жөн.