Жеке кәсіпкерлікті тіркеудің жаңа сервисі іске асырылды
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ жүйелер интеграциясын жүргізді, соның арқасында Альфа Банк платформасы арқылы ЖК онлайн тіркеу мүмкіндігі пайда болды. Атқарылған жұмыстар Шағын бизнесті тіркеу процесін жеңілдетуге бағытталған.
«Біз азаматтардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу мүмкіндіктерін кеңейтіп, процестерді оңайлата отырып, оларды барынша ыңғайлы етуге тырысамыз. Енді ЖК тіркеудің баламалы тәсіліне қолжетімділік бар, бұл ісін жаңа бастаған бизнесмендерге оңай тіркелу тәсілін таңдауда өте маңызды», - деп түсіндірді «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасы Ростислав Коняшкин.
Сервис маусым айында тестілік режимде іске қосылды және кәсіпкерлерге ЖК-ін тіркеу ғана емес, сонымен қатар банкте шотты тегін ашуға мүмкіндік береді, рәсім небәрі бес минутты алады, келесі күні шоттың деректемелері электрондық поштаға түседі. Бүгінгі таңда көрсетілетін қызметті еліміздежүзден астам кәсіпкер пайдаланды.
«Кез-келген өнімді немесе көрсетілетін қызметті іске қоспас бұрын біз бірқатар зерттеулер жүргізіп, клиенттің нақты қажеттіліктерін анықтаймыз. Бүгінгі таңда кәсіпкерлер бизнестегіформальдылыққакөп уақытын кетіргісі келмейді, керісінше сатылымды арттыруүшін көп жұмыс істейді. Альфа осындай мүмкіндік ұсынады. Қызметті іске қосылғанекі ай ішінде біз нарықта бұл сервистің үлкен сұранысқа ие екенін байқадық» – деп Альфа-Банктің «жаппай бизнес»блогының басқарушы директоры, «Атамекен» ҰКП Төралқасының ШОБ дамыту жөніндегі комитетінің мүшесі Дамир Кәкиев пікір білдірді.
Жеке кәсіпкерді онлайн тіркеу үшін Альфа офис платформасында сол жоғарыда айтқандай аталатын қызмет түрін таңдап, телефон нөмірін және смс кодын енгізу керек, жеке куәліктің сканерленген нұсқасын қосып, ұсынылған нысанды толтыру және ЭЦҚ көмегімен сұрау салуға қол қою қажет.