Skip to main content

Smart Bridge

Smart Bridge жобасы-ақпаратпен неғұрлым тиімді алмасуға және жалпы ашықтық пен үйлестіруді жақсартуға ықпал ете отырып, мемлекеттік құрылымдар мен жеке бизнес арасындағы ақпараттық жүйелерді интеграциялау процестерін жеңілдетуге бағытталған «Сервистер витринасы» платформасы түріндегі ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызмет.

«Сервистер витринасы» платформасы төмендегі міндеттерді шешуді қамтамасыз етеді:

       * сервистің техникалық сипаттамасын және сервис иесінің және ақпараттық жүйені әзірлеушінің байланыс деректерін ұсына отырып, мемлекеттік органдар мен жеке сектордың ақпараттық жүйелері сервистерінің бірыңғай каталогын құру;

       * «электрондық үкімет» шлюзі арқылы сервистер витринасының порталында жарияланған сервистерге қол жеткізу процестерін автоматтандыру;

       * коннекторлар (сервис конструкторы) арқылы ақпараттық жүйелердің жаңа ақпараттық сервистерін құру процесін автоматтандыру.

Қағаз айналымы қысқартылып, деректер қорын интеграциялау процесі жеделдетілді, осылайша 2020 жылдан бастап 4 мыңға жуық интеграция жүргізілді.

Танымал 5 екінші деңгейдегі банктер бұл шешімді пайдаланады және өз қосымшаларында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсынады. Жұмыс платформасының мысалы ретінде көптеген банктер клиенттерге пайда болған айыппұлдар мен салықтар туралы хабарлай, автокөлікті қайта рәсімдей, цифрлық ипотека бере және есеп беру жүйесі арқылы салық есептілігіне жібере алады.

Smart Bridge пайда болуымен келесі нәтижелер алынды:

       1) бүкіл процесс 3 айдан 1 айға дейін қысқарды;

       2) бұрын 8 келісім, енді тек 1;

       3) 8 хатпен нөлге дейін;

       4) 4 Техникалық құжаттан 1 онлайн-нысанға дейін

«Smart Bridge» порталының адресі (сервистер көрмесі): sb.egov.kz