Strategy and mission
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «ҰАТ» АҚ, қоғам) «Қазақстан Республикасында бірыңғай ақпараттық кеңістікті дамыту және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» жабық акционерлік қоғамын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 4 сәуірдегі № 492 қаулысына сәйкес мемлекеттік ақпараттық жүйелерді құру және олардың өзара іс-қимылын ұйымдастыру жөніндегі уәкілетті ұйым ретінде құрылды.
Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік комитеті қоғам құрылтайшысы болып табылады.
Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі (бұдан әрі – ЖИЦДМ) қоғам акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.
Осы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамының даму жоспары (бұдан әрі – Даму жоспары) оның он жылдық кезеңге арналған миссиясын, пайымын, стратегиялық бағыттарын, мақсаттары мен міндеттерін белгілейді.
Даму жоспарын әзірлеу кезінде:
- Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауынан;
- Қазақстан Республикасының бес жылға арналған Ұлттық даму жоспарынан;
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 269 қаулысымен бекітілген 2023 – 2029 жылдарға арналған цифрлық трансформация, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын және киберқауіпсіздікті дамыту тұжырымдамасынан;
- Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің (ЖИЦДМ)2023 жылғы 25 тамыздағы № 360/НҚ бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму (бұдан әрі – ЖИЦДМ) министрлігінің 2023 – 2027 жылдарға арналған даму жоспарынан туындайтын мақсаттар мен міндеттер ескерілді.