Электрондық цифрлық қолтаңбасыз қандай қызметтерді алуға болады және бір реттік құпиясөз дегеніміз не?
Мемлекеттік қызметтерді алу жолдарын жеңілдету мақсатында электрондық үкіметте 1-шілдеден бастап 20 қызметті цифрлық қолтаңбасыз алуға болады. Бір реттік құпиясөз арқылы берілетін алғашқы қызмет биылғы жылдың сәуір айында іске қосылған сотталмауы (сотталуы) туралы анықтама еді.
20 қызметтің 15-і бір реттік құпиясөзді пайдалану арқылы қолжетімді болса, қалған 5 қызмет үшін порталда тіркелу жеткілікті.