БЖЗҚ салымшысына ақпарат беру кеңінен таралған Egov қызметтерінің топ бестігіне кірді
2017 жылғы бірінші жартыжылдықта азаматтарға 18 млн. астам қызмет көрсетілді. Бұл ретте, электрондық үкімет порталы арқылы көрсетілген танымал қызметтердің бестігіне «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысы қаражатының түсуі және қозғалысы туралы ақпарат беру» енді. Ағымдағы жылғы бірінші жарты жылдықта осы қызмет1 426 237 рет пайдаланылды.