Жетістіктері мен наградалары
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ тиімді іс-әрекеті және әлеуметтік маңызы бар жобаларды енгізгені үшін құрметке иеленген, отандық ұйымдармен ғана емес, халықаралық ұйымдармен де марапатталған. Компания, әрдайым қызмет көрсету сапасының халықаралық стандарттарға сәйкестігін растайды, ал компанияның жобалары халықаралық байқауларда бірнеше рет жеңіске жеткен.
2024 жылдың ақпан айында Дубайда өткен Дүниежүзілік үкімет саммиті аясында GovTech Prize – 2024 халықаралық байқауының қорытындысы бойынша «Инклюзивті цифрлық трансформация» номинациясында «Отбасының цифрлық картасы» жобасы жеңіске жетті.
GovTech сыйлығы – 2014 жылы құрылған БАӘ мемлекеттік қызмет саласын жетілдіру бағдарламасының (EGSEP) бастамасы. Бұл бастама халықтың өмір сүру сапасын жақсарту бөлігінде өзекті мәселелерді шешетін және үкіметтің іс-тәжірибесін кеңейтетін инновациялық және креативті шешімдері мен жетістіктері үшін әлем елдерінің мемлекеттік органдарын танытуға бағытталған.
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-да халықаралық стандарттар енгізілді және жаңа халықаралық сертификаттар алынды:
1) ISO 9001:2015 – «Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар»,
2) ISO/IEC 20000-1:2018 – «Ақпараттық технологиялар. Қызметті басқару»,
3) ISO/IEC 27001:2022 – «Ақпараттық қауіпсіздік, киберқауіпсіздік және құпиялылықты қорғау. Ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйелері. Талаптар».
Жоғарыда аталған стандарттардың барлығы интеграцияланған.
Жұмыстың негізгі элементтері:
- ISO 9001:2015 - БП-ға қойылатын талаптар, Қоғамның ішкі БП анықтау, теңестіру, басқару, үздіксіз жетілдіру, оларды стандарттау.
- ISO/IEC 20000-1:2018 - АТ-процестеріне, АТ ұйымының негізі болып табылатын 13 СУИС процесінің мониторингін, үйлестіруін, басқаруын және үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге қойылатын талаптар:
- қызмет көрсету деңгейін басқару;
- бюджеттеу және сервистерді есепке алуды басқару;
- АТ қызметінің үздіксіздігін басқару;
- қуаттарды басқару;
- АТ қызметтерінің қолжетімділігін басқару;
- АТ саласындағы ақпараттық қауіпсіздікті басқару;
- оқиғаларды және сервистік өтінімдерді басқару;
- проблемаларды басқару;
- конфигурацияны басқару;
- релиздерді және орналастыруды басқару;
- өзгерістерді басқару;
- өнім берушілерді басқару;
- іскерлік қатынастарды басқару.
- 3. ISO/IEC 27001:2022, сертификатының артықшылықтары:
- АҚ және барлық АҚ талаптарының сақталуын қамтамасыз ету – «ҰАТ» АҚ-ның материалдық және материалдық емес активтерінің құпиялылығын, қолжетімділігін, тұтастығын қамтамасыз ету;
- мемлекеттік сектор, өнім берушілер, тұтынушылар, сондай-ақ «ҰАТ» АҚ реттеушілері тарапынан сенім;
- серіктестерге, бәсекелестерге, тұтынушыларға, демеушілерге компаниядағы ақпараттық қауіпсіздікті басқаруды көрсету;
- компанияның қызметі тұрақты және сенімді.
- нақты қауіптерден қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша тиімді шаралар қабылдау;
- оқиғалардың ықтималдығын және олардан ықтимал залалдарды азайту.
Қазақстан Республикасының Ұлттық бизнес-рейтингінің ресми хабарландыруы бойынша, 2012-2013 жж. қорытындысы бойынша, отандық кәсіпорындардың жалпымемлекеттік рейтингінде, компания «Активтер мен міндеттемелер көрсеткіштері» номинациясында 1-ші (алтын) орынға, салықтың төрт түрінің – ҚҚС, ЖТС, КТС және әлеуметтік салық қосындысы бойынша 1-ші (алтын) орынға, «Пайдалылық көрсеткіштері» номинациясында 2-ші (күміс) орынға ие болды, сонымен қатар «Қазақстанның сала көшбасшысы 2014» медалімен және «Сала көшбасшысы 2014» ұлттық сертификатымен марапатталған.
Қазақстан Республикасының Ұлттық бизнес-рейтингінің ресми хабарландыруы бойынша, 2012-2013 жж. қорытындысы бойынша, отандық кәсіпорындардың жалпымемлекеттік рейтингінде, компания «Активтер мен міндеттемелер көрсеткіштері» номинациясында 1-ші (алтын) орынға, салықтың төрт түрінің – ҚҚС, ЖТС, КТС және әлеуметтік салық қосындысы бойынша 1-ші (алтын) орынға, «Пайдалылық көрсеткіштері» номинациясында 2-ші (күміс) орынға ие болды, сонымен қатар «Қазақстанның сала көшбасшысы 2014» медалімен және «Сала көшбасшысы 2014» ұлттық сертификатымен марапатталған.
EN 15838 халықаралық стандарт сәйкестіктігін сертификаттау –клиенттерге, кез келген ұйымдардың байланыс орталықтарында, ұйымның қызмет бағыты мен байланыс орталығының көлеміне тәуелсіз, көрсетілетін қызметтердің сапасын растаудағы ең абыройлы және кәсіптік жүйе.
2015 жылы Бірыңғай байланыс орталығы, Британдық стандарттар институты (BSI) өткізетін, ИСО 20000 халықаралық стандартының талаптарына сәйкестігіне ресертификаттаудан өтті. Стандарт – АТ сервистерінің менеджмент жүйесіне қойылатын талаптарының, ұйымдардағы процестерді орындау және қолдау, бастамашылық ету жауапкершілігінің толық сипаттамасын ұсынады.
Компанияның Деректер орталықтары үздік жоба атанған – «МО хостингінің қызметтерін көрсету үшін серверлік интернет-платформасын құру» жобасы, марапаттауы Женева, Швейцария қалаларында өткен, ақпараттық қоғам мәселелері бойынша жоғары деңгейлі Дүниежүзілік кездесу Форумы шеңберінде, WSIS Project Prizes 2016 халықаралық байқауының «Ақпараттық және коммуникациялық инфрақұрылым» санатында бірінші орынды иеленді. Бұл жеңіс мемлекеттік органдарға көрсетілетін хостинг, жабдықтарды орналастыру, инфрақұрылымды, бағдарламалық қамтылымды жалдау және бағдарламалық-аппараттық кешеніне жүйелік-техникалық қызмет көрсету қызметтерінің сапасы жоғарғы деңгейде екенін дәлелдеді. Халықаралық байқауға қатысқан жоба, Қазақстан Республикасының электрондық үкіметін дамыту үшін инфрақұрылымдық алаң болып табылады.
Аталған байқауда «Ашық деректер» жобасы «WSIS чемпиондары» номинациясына түсті – оған ең көп дауыс берілді және ол WSIS сараптау тобының мүшелерінен ең жақсы шолудың біріне ие болды; Бірыңғай байланыс орталығы 1414 «ақпараттық-коммуникациялық технологиялар негізіндегі қосымша: электрондық үкімет» санатында жеңіске жетті.
2017 жылдың ақпанында, Дубайда өткен The World Government Summit халықаралық үкіметтік саммитінде, электрондық үкіметтің мобильдік қосымшасын» әзірлегені және енгізгені үшін mGov First World Govtechineers Race-2017-мен марапатталған. Саммит ұйымдастырушылары ескергендей, 2014 жылдың соңында іске қосылған мобильдік қосымша, осындай аз уақытта өзін танытып және өзінің тиімділігін дәлелдеп үлгерді. Egov.kz мобильдік қосымшасы үш платформада (Android, iOS, Windows Phone) іске асырылған. Бүгінгі таңда, оның 83 қызметі қолжетімді. Оның мақсаты –мобильдік байланыс арқылы халыққа қызмет көрсету үшін мобильдік үкіметтің платформасын құру болып табылады.
2017 жылдың ақпанында ҚР мемлекетттік қызметтері бойынша анықтамалық қызмет көрсететін 1414 Бірыңғай байланыс орталығы «Хрустальная гарнитура» халықаралық конкурсының «Мемлекеттік органдар мен ТҮКШ секторында халыққа қызмет көрсететін үздік орталық» номинациясы бойынша әділ қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды. «Хрустальная гарнитура» - байланыс орталықтары мен клиенттерге қызмет көрсету индустриясындағы беделді және кәсіби наградалардың бірі болып саналады, 2005 жылдан бері үздік байланыс орталықтарына табысталып келеді. Бірнеше кезеңнің қорытындысы және сарапшылардан құралған әділ қазы мүшелерінің қорытынды дауыс беруі бойынша номинация жеңімпазы анықталады.
2017 жылдың мамыр айында Ақпараттық қоғам мәселелері бойынша жоғары деңгейлі Дүниежүзілік кездесу Форумы WSIS Prizes-2017 шеңберінде Қазақстан Республикасынан ұсынылған үш жоба – Электронды үкімет, Ашық үкімет және 1414 Бірыңғай байланыс орталығы байқау жеңімпаздарының қатарына ілікті.
WSIS Prizes-2017беделді байқауына дүниежүзі бойынша 345 жоба қатысып, ашық дауыс беру мен әділқазылар алқасының сарапшылық бағасының қорытындысы бойынша 90 жоба өз санаттарынының үздік бестіктер қатарына ілікті. Аталған байқау 18 санат бойынша өткізілді. «Электронды үкімет» санатында Қазақстанның электронды үкіметі және Қазақстанның ашық үкіметі, ал «Мемлекеттік басқару органдары мен мүдделі тараптардың дамыту мақсатымен инфокоммуникациялық технологияларды қолданудағы рөлі» атты санатында 1414 Бірыңғай байланыс орталығы қатысты.