Мемлекеттік баждарды, алымдарды төлеу және Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі есепшотты толықтыру ЭЦҚ-сыз қолжетімді
«ҰАТ» АҚ www.egov.kz электрондық үкімет порталындағы авторизацияланбаған пайдаланушылар үшін 38 сервистің іске қосылғандығы туралы хабарлайды.
Мемлекеттік баждарды, алымдарды төлеу, сонымен қатар «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ғы депозиттік/кредиттік есепшотты толықтыру сервистері азаматтар үшін цифрлық қолдаңбасыз қолжетімді.
Азаматтарға арналған атаулы мүмкіндік ҚР Премьер - Министрінің орынбасары А.Жұмағалиевтің төлеу сервистерін жеңілдету және оңтайландыру тапсырмасы бойынша жүзеге асырылды.