Skip to main content
  • Архивтік анықтамаларды беру мерзімі 10 күнтізбелік күнге дейін қысқарады

    Архивтік анықтамаларды беру мерзімі 10 күнтізбелік күнге дейін қысқарады

    «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, Қазақстан Республикасы Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есептер жөніндегі комитетімен бірлесіп, Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есептер жөніндегі комитетінің архивтік шегінде архивтік анықтамаларын және/немесе архивтік құжаттарының көшірмесін беру бойынша көрсетілетін қызметін іске қосты.

    Бұрын осы қызмет "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы ғана көрсетілгенін атап өту қажет.

  • «Ашық бюджеттер» порталындағы деректерді кеңінен іздестіру мен іріктеу жүзеге асырылды

    «Ашық бюджеттер» порталындағы деректерді кеңінен іздестіру мен іріктеу жүзеге асырылды

    «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігімен бірлесіп, «Ашық бюджеттер» (https://budget.egov.kz/) компонентінің жаңартылғаны туралы хабарлайды. 

    Бұрын, қарапайым іздеуді пайдалану кезінде көп артық ақпарат берілетін.

    Енді, осы порталда фильтрлерді пайдалану  арқылы ақпаратты кеңінен іздестіру мүмкіндігі бар.

  • Зейнеткерлікке берілетін мемлекеттік кепілдіктер мәртебесін eGov.kz арқылы тексеру мүмкін болды

    Зейнеткерлікке берілетін мемлекеттік кепілдіктер мәртебесін eGov.kz арқылы тексеру мүмкін болды

    16.11.18.,  «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ «Көрсетілген алушыға мемлекеттік кепілдіктерді төлеуді тағайындау және жүзеге асыру фактісі туралы мәлімет алу» сервисінің іске қосылғаны туралы хабарлайды.

    Енді зейнетақы жасындағы әрбір азаматтың үйден шықпай, мемлекеттік кепілдік төлемін алуға құқығы бар екенін тексеруге мүмкіндігі бар.

    Егер сервис мемлекеттік мемлекеттік кепілдікті төлеуге оң нәтиже беретін болса, онда азамат өтініш беру үшін жақын маңдағы "Азаматтарға арналған үкімет" МК КЕАҚ фронт-кеңсесіне жүгінуі қажет.

  • «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ «Жыл таңдауы» лауреаты атанды

    «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ «Жыл таңдауы» лауреаты атанды

    21.11.18 ж., Алматыда Еуразия елдерінің бизнес саласы мен кәсіпорындары үшін жыл сайынғы маңызды іс-шаралардың бірі – «Жыл таңдауы -2018» өтті.

    Салтанатты марапаттау рәсімі Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында болды.

    Осы ұлттық жобада «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ «Инновация, жаңғырту және даму саласындағы жетістіктері үшін» - ұйымдастыру комитетінің арнайы сыйлығының лауреаты атанды.

  • Қазақстанның Бірыңғай байланыс орталығына 7 жыл толды

    Қазақстанның Бірыңғай байланыс орталығына 7 жыл толды

    «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ «Қазақстан Республикасының 1414 Бірыңғай байланыс орталығына 7 жыл толғаны туралы хабарлайды.

    Бірыңғай байланыс орталығы 2011 жылы 29 қарашада «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ «Электрондық үкімет» call-орталығының негізінде құрылған.

    7 жыл ішінде 22 млн. астам өтініш өңделген. Бұрын байланыс орталығына тек қоңырау шалуға ғана мүмкіндік болған болсам, енді 1414.kz сайты мен электрондық пошта арқылы сұрақ қоюға болады.

  • Азаматтар «Ашық деректер» порталында ХҚКО-ның жүктелімін көре алады

    Азаматтар «Ашық деректер» порталында ХҚКО-ның жүктелімін көре алады

    «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ «Ашық үкімет» порталының «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының ақпараттық жүйесімен интеграциясы жүргізілгендігі  туралы хабарлайды.

    Интеграция «Ашық деректер» компонентімен ХҚКО ақпараттық жүйесінің арасында жүргізілді.

    Осы интеграция ХҚКО-да өз кезегін күтіп отырған  азаматтардың саны туралы ақпарат алуға және кезекті онлайн режимінде қадағалауға мүмкіндік береді.