Skip to main content
  • Жер кадастрынан мәліметтерді енді eGovMobile қосымшасы арқылы алуға болады

    Жер кадастрынан мәліметтерді енді eGovMobile қосымшасы арқылы алуға болады

    Енді қазақстандықтар ЖСН-де тіркелген жер учаскелері туралы мәліметтерді тікелей өз телефонынан ала алады.

    еGovМobile мобильдік қосымшасында өз жер учаскелеріңіз туралы мәліметтерді алу үшін «Жылжымайтын мүлік» бөлімін ашу және «Мемлекеттік жер кадастрынан мәліметтер беру» қызметін таңдау қажет. Содан соң ЖСН бойынша Жердің бар-жоғына сұрау салу жіберу, тізімнен 1-10 жер учаскесін таңдау және ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе бір реттік парольмен қол қою арқылы мәліметтер алуға өтінім жіберу.

  • eGov.kz порталында донорлықпен келісуге немесе одан бас тартуға болады

    eGov.kz порталында донорлықпен келісуге немесе одан бас тартуға болады

    eGov.kz порталында трансплантация үшін тіндерді немесе мүшелерді сыйға тартуға келісім беру немесе бас тарту бойынша онлайн қызмет қол жетімді.

  • Қазақстандықтар мемлекеттік нөмір мен автокөлікті тіркеу туралы куәлікті тікелей үйге жеткізуге тапсырыс бере алады

    Қазақстандықтар мемлекеттік нөмір мен автокөлікті тіркеу туралы куәлікті тікелей үйге жеткізуге тапсырыс бере алады

    eGov.kz порталында қазақстандықтарға мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін және көлік құралын тіркеу туралы куәлікті жеткізуді ресімдеуге мүмкіндік беретін қызмет пайда болды. Бұл үшін қажетті деректерді, тұрғылықты мекенжайын көрсету және қызметке ақы төлеу жеткілікті. Осыдан кейін "Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ қызметкері мемлекеттік нөмір мен куәлікті үйге әкеледі.

  • Қайтыс болғаны туралы анықтаманы онлайн алуға болады

    Қайтыс болғаны туралы анықтаманы онлайн алуға болады

    eGov.kz порталдан жақындарынан айырылған қазақстандықтар қайтыс болғаны туралы анықтаманы ала алады.

    Осы қызмет іске қосылумен қайтыс болу және перинаталдық өлім туралы медициналық куәлікті, сондай-ақ қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті міндетті түрде ұсыну бөлігіндегі талаптар алып тасталады. Анықтама алу үшін қайтыс болған адамның ЖСН енгізу жеткілікті.