Skip to main content
  • Saqbol қосымшасы 100 мыңнан астам рет жүктелген

    Saqbol қосымшасы 100 мыңнан астам рет жүктелген

    «Saqbol» мобильді қосымшасы 100 мың пайдаланушының белгісін еңсерді, олардың 100-ден астамы COVID-19 науқастарымен байланыс туралы хабарлама алды.

    Saqbol қосымшасы коронавирустық инфекцияның таралуын COVID-19 жұқтыру қаупі туралы пайдаланушыларды ескерту жолымен азайту үшін жасалған.

  • Әскери қызметтен босатуды немесе әскери қызметтен кейінге қалдыруды онлайн алуға болады

    Әскери қызметтен босатуды немесе әскери қызметтен кейінге қалдыруды онлайн алуға болады

    Еlicense.kz электрондық лицензиялау порталында әскери қызметтен босату және әскерге шақыруды кейінге қалдыру қызметтері қолжетімді болды. Енді әскерге шақырылушыларға әскери комиссариатқа барудың қажеті жоқ, оларда бұл қызметтерді онлайн режимінде алуға мүмкіндік бар.

  • Цифрлық студенттік билет енді eGov Mobile қосымшасында қолжетімді

    Цифрлық студенттік билет енді eGov Mobile қосымшасында қолжетімді

    EGov Mobile мобильдік  қосымшасына жаңа цифрлық құжат  – «Студенттік билет» қосылды. Енді студенттік билетті смартфондағы  электрондық үкімет қосымшасы  арқылы электрондық түрде беруге  болады.

    Студенттік билет оқу орнының, жатақхананың немесе кітапхананың аумағына кедергісіз кіру үшін қажет, сондай-ақ билетті көрсеткен кезде студентке мүмкіндіктер немесе жеңілдіктер берілсе пайдалы болуы мүмкін.

  • ҚР ЦДИАӨМ және Halyk Bank ЖК онлайн ашу сервисін іске қосты

    ҚР ЦДИАӨМ және Halyk Bank ЖК онлайн ашу сервисін іске қосты

    Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Halyk Bank-пен бірлесіп жаңа сервисті іске асырды. Бұдан былай қазақстандықтар үйден шықпай-ақ жеке кәсіпкерлікті тіркей алады.

    ЖК бірнеше рет басу арқылы ашуға болады. «ЖК болу» сілтемесі бойынша өту жеткілікті. Одан кейін жүйе алдағы қадамдарды ұсынады. Сондай-ақ, ЖК ашудың барлық процесі 5 минуттан аспайды. Қызмет композитті екенін атап өту маңызды, яғни өтініш берушілер ЖК-ны онлайн тіркеп, ЖК-да шотты бірден бір терезеде аша алады.