Skip to main content
  • Бағдат Мусин «ҰАТ» АҚ ұжымын Электрондық үкіметтің 15 жылдығымен құттықтады

    Бағдат Мусин «ҰАТ» АҚ ұжымын Электрондық үкіметтің 15 жылдығымен құттықтады

    12 сәуір күні, 15 жыл бұрын, eGov.kz өз жұмысын мемлекеттік басқару органдарының ел азаматтарымен цифрлық кеңістіктегі өзара іс-қимыл тетігі ретінде бастады. Бүгінде 12 миллионға жуық қазақстандық электрондық мемлекеттік қызметтерді пайдаланады, ал бұл барлық халықтың шамамен 62%-ы.

    Жыл сайын электрондық үкіметтің қолжетімді қызметтерінің саны өсуде, олардың ішінде халық үшін әлеуметтік маңызы бар қызметтер, бизнес үшін қызметтер, төлемдер мен пайдалы сервистер, композиттік және проактивті қызметтер, сондай-ақ лицензиялар мен рұқсат беру құжаттары бар.

  • Ростислав Коняшкин "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ Басқарма Төрағасы болып тағайындалды

    Ростислав Коняшкин "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ Басқарма Төрағасы болып тағайындалды

    Бүгін Директорлар кеңесінің шешімімен "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ Басқарма Төрағасы лауазымына Ростислав Анатольевич Коняшкин тағайындалды.

    Ростислав Коняшкин 1989 жылы 4 қыркүйекте Жамбыл облысында дүниеге келген. М.В. Ломоносов атындағы ММУ бітірді бітірді, математика маманы.

    Президенттік Жастар кадрлық резервінің мүшесі. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Ақпараттық жүйелер магистрі дәрежесіне ие. Жобаларды басқару бойынша сертификатталған маман.

  • Енді көлік құралының электрондық паспорты бар

    Енді көлік құралының электрондық паспорты бар

    «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен және Цифрлық даму, инновациялар, аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп «Көлік құралдарының электрондық паспорты» ұлттық жүйесін пилоттық режимде іске қосты.