Skip to main content
  • «ҰАТ» АҚ қызметкерлері COVID-19-ға қарсы екпе алды

    «ҰАТ» АҚ қызметкерлері COVID-19-ға қарсы екпе алды

    «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ өз қызметкерлері үшін жұмыс орнында арнайы орынжай бөліп, екпе алу пунктін ұйымдастырды. «Екпе аламын» деген шешім қабылдаған әр қызметкер жұмыс барысында аздаған уақыт алып, COVID-19-ға қарсы екпе алуға қол жеткізді. 

    Бұған қоса, медицина қызметкерлері дәріс өткізді, онда дәрігерлер екпені ұйымдастыру процестері, оны жүргізу тәртібі, екпенің маңыздылығы, одан кейінгі әсерлер мен белгілерге назар аудару қажеттілігі туралы айтып берді.

  • «ҰАТ» АҚ қызметкерлері ведомстволық наградалармен марапатталды

    «ҰАТ» АҚ қызметкерлері ведомстволық наградалармен марапатталды

    Бүгін «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма Төрағасы Ростислав Коняшкин жеке өзінің және цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің атынан компания қызметкерлерін цифрландыру саласын дамытуға және Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін құттықтап, марапаттады. Марапаттау кәсіби мереке – Байланыс және ақпараттандыру қызметкерлері күніне орайластырылды.

  • «ҰАТ» АҚ-да кәсіподақтың конференциясы өтті

    «ҰАТ» АҚ-да кәсіподақтың конференциясы өтті

    Бүгін «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ кәсіподағының бірінші конференциясы өтті, онда компания жұмыскерлері қатарынан жергілікті кәсіптік одақ басқармасының мүшелері сайланды.

    Іс-шара барысында келесі мәселелер қаралды:

    1. Кәсіподақ Жарғысын бекіту;

    2. Кәсіподақтың Атқарушы комитетін сайлау;

    3. Кәсіподақ төрағасы мен хатшысын сайлау;

    4. Кәсіподақтың тексеру комиссиясын сайлау;

  • «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасы шеңберінде гранттық бағдарламалар»

    «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасы шеңберінде гранттық бағдарламалар»

    «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасын іске асыру шеңберінде Инновациялар мен жаңа технологияларды құру және енгізуге арналған гранттық бағдарламаларды іске қосу жоспарлануда.

    Гранттық бағдарламаның мақсаты экономикадағы өндірістік секторларды жақсарту мақсатында ҒЗИ, университеттер, Қазақстандағы ғылыми және инженерлік бейіндегі зертханалар мен жеке сектор кәсіпорындары арасындағы ынтымақтастықты ынталандыру болып табылады. Сондай-ақ отандық ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыруды қолдау.

    Гранттық бағдарламалар:

  • Шетелдегі қазақстандықтар үшін eGov.kz-те 5 жаңа қызмет қолжетімді

    Шетелдегі қазақстандықтар үшін eGov.kz-те 5 жаңа қызмет қолжетімді

    Елден тыс жерлерде тұратын Қазақстан азаматтары енді eGov.kz көмегімен некені қия немесе бұза алады, баланың тууын тіркей алады, атын, тегін, әкесінің атын өзгерте алады және қайтыс болғаны туралы анықтаманы ала алады. Дайын құжат Қазақстанның шетелдегі елшілігінде немесе консулдығында беріледі.

    Көрсетілетін қызметтерді «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ мен Цифрлық даму, инновациялар, аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп іске асырды.