Жарлық капиталдың үлесін сенімгерлік басқаруға беру қызметі енді eGov.kz порталында қолжетімді
Кәсіпкерліктегі жарғылық капитал үлесінің иелері egov.kz электронды үкімет порталында өз үлесін сенімгерлік басқаруға беру мүмкіндігіне ие болды.
Жаңа «Жарғылық капитал үлесін сенімгерлік басқаруға беру» қызметін egov.kz порталында онлайн алу Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ақпараттық жүйелерін біріктіру арқасында жүзеге асырылды.