Отбасы туралы мәліметтерді түзету сервисі eGov mobile мобильдік қосымшасында қолжетімді
Қазақстандықтар eGov mobile мобильдік қосымшасында жеке тұлғалардың акт жазбаларын тексеру кезінде құжаттардағы мәліметтерді түзете алады. Жаңа қызмет туу, неке тұру және бұзу, бала асырап алу, әке болуды анықтау, аты-жөнін өзгерту (өзі үшін), қайтыс болу туралы деректерді өзектендіруге мүмкіндік береді.
Азаматтық хал актілерінің іс-қимылдары жөніндегі аталған мәліметтердің цифрландырылуы және АХАЖ ақпараттық жүйесінде болуы үшін құжаттардың сканерленген көшірмелерін eGov mobile қосымшасы арқылы жіберу жеткілікті.