Skip to main content
  • Жылжымайтын мүлік объектілері мекен-жайларының мәліметтері бойынша жаңа сервис eGov.kz порталында және eGov mobile мобильдік қосымшасында қолжетімді

    Жылжымайтын мүлік объектілері мекен-жайларының мәліметтері бойынша жаңа сервис eGov.kz порталында және eGov mobile мобильдік қосымшасында қолжетімді

    Қазақстандықтар мүлік кепілін сату кезінде, нотариустарда, банктерде және басқа да ұйымдарда тіркеу кезінде жылжымайтын мүлік объектісі мекенжайының өзгеру тарихын мұрағаттық мәліметтерді тексеру бойынша жаңа сервисінің көмегімен көре алады.

    Жаңа сервис тіркеу рәсімдері кезінде мекен-жайдың тіркеу кодын (МТК) қолдана отырып, сұратылған ұйымдарға жылжымайтын мүлік мекен-жайының өзгеруі туралы мәліметтерді қарауға мүмкіндік береді. Мысалы, егер көше атауы немесе үй нөмірі өзгерсе, бірақ құжаттарда ескі мекен-жай көрсетілсе, енді ХҚКО-ға жүгінудің қажеті жоқ.

  • АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

    Қазіргі уақытта eGov.kz Электрондық үкімет порталы компоненттері, Ашық үкімет порталының, eGov mobile мобильдік қосымшасының және жеке тұлғалардың мемлекеттік деректер базасы қызметтерінің дұрыс іс

  • EGov.kz электрондық үкімет порталының компоненттері мен eGov mobile мобильді қосымшасының жұмысы қалпына келтірілді

    EGov.kz электрондық үкімет порталының компоненттері мен eGov mobile мобильді қосымшасының жұмысы қалпына келтірілді

    Бүгін мемлекеттік органдардың серверлік орталығы инфрақұрылымының істен шығуына байланысты жеке мемлекеттік деректер базалары мен электрондық үкіметтің компоненттеріне қолжетісіздігі байқалды.

    Қазіргі уақытта eGov.kz порталы мен eGov mobile мобильді қосымшасы және негізгі мемлекеттік дерекқорларды (ЖТ МДБ, ЗТ МДБ және т.б.) қоса алғанда, «электрондық үкімет» компонеттері қалпына келтірілді.

  • Электрондық үкімет компоненттерінің жұмысы, eGov.kz порталы, eGov mobile мобильдік қосымшасы және ХҚКО жұмысы толық қалпына келтірілді

    Электрондық үкімет компоненттерінің жұмысы, eGov.kz порталы, eGov mobile мобильдік қосымшасы және ХҚКО жұмысы толық қалпына келтірілді

    «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ элекрондық үкімет компоненттерінің, соның ішінде eGov.kz порталының, Ашық үкімет порталының, eGov mobile мобильді қосымшасының және негізгі мемлекеттік дерекқорлардың (ЖТ МДБ, ЗТ МДБ және т.б.) жұмысы толық қалпына келтірілді. Сонымен қатар, екінші деңгейлі банктердегі және ХҚКО-ры мен арнайы ХҚКО-дағы мемлекеттік қызметтер қолжетімді болды.

  • Сот кабинетіндегі талаптар мен арыздарға eGov mobile қосымшасы көмегімен қол қоюға болады

    Сот кабинетіндегі талаптар мен арыздарға eGov mobile қосымшасы көмегімен қол қоюға болады

    EGov mobile мобильдік қосымшасын пайдаланушылар Сот кабинетінде құжаттарға қол қою мүмкіндігіне ие болды. ҚР Жоғарғы Сотының Сот кабинетімен бірлескен интеграция аталмыш сайтта авторизациядан өтуге және eGov mobile қосымшасында QR-кодты сканерлеу арқылы құжаттарға қол қоюға мүмкіндік береді.

    Жаңа опция талаптарға, арыздарға, сенімхаттарға, хаттарға https://office.sud.kz сайтында қол қоюға, сондай-ақ сайттағы eGov QR-кодын мобильдік қосымшасы көмегімен сканерлеу арқылы авторизациядан өтуге мүмкіндік береді.

  • АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

    2022 жылғы 15 тамыздан бастап қазақстандықтар eGov.kz электрондық үкімет порталында және eGov mobile мобильдік қосымшасы арқылы өтініш бергеннен кейін күнтізбелік 15 күн өткен соң некені тіркей алады.

    Бұрын қолданыстағы заңнама нормаларына сәйкес, некеге тұру туралы өтініш некені мемлекеттік тіркеуден бір ай бұрын берілген.

  • Жүкті әйелдерге арналған жаңа қызмет eGov.kz порталында және eGov mobile мобильді қосымшасында қолжетімді

    Жүкті әйелдерге арналған жаңа қызмет eGov.kz порталында және eGov mobile мобильді қосымшасында қолжетімді

    Енді болашақ аналар eGov.kz порталы және eGov mobile мобильді қосымшасы арқылы жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемді алу үшін өтініш бере алады.

    Қызмет онлайн түрде қолжетімді және тегін көрсетіледі. Жаңа қызметтің көмегімен болашақ аналарға декреттік демалысқа шыққан кезде әлеуметтік төлем тағайындау бойынша электрондық өтініш беру мүмкіндігі беріледі. Бұрын қызмет ХҚКО арқылы қағаз түрінде көрсетілген болатын.