Skip to main content
  • Цифрлық паспорт eGov Mobile мобильді қосымшасында қолжетімді

    Цифрлық паспорт eGov Mobile мобильді қосымшасында қолжетімді

    EGov Mobile мобильді қосымшасында жаңа цифрлық құжат – «ҚР азаматының паспорты» қолжетімді. Электрондық құжатты тек Қазақстан азаматтары ғана қолдана алады.

    Цифрлық паспортты eGov mobile қосымшасында жеке куәлікке ұқсас сәйкестендіру үшін пайдалануға болады. Қазіргі уақытта «ҚР азаматының паспорты» цифрлық құжатын Қазақстан Республикасының аумағында ғана пайдалануға рұқсат етіледі.

    Цифрлық құжатта қате мәліметтер анықталған жағдайда «қате туралы хабарлау» батырмасын басу арқылы тиісті мемлекеттік органға e-Otinish арқылы өтініш беруге болады.

  • 11 млн-нан астам мемлекеттік қызмет 2022 жылы eGov Mobile мобильді қосымшасының көмегімен көрсетілді

    11 млн-нан астам мемлекеттік қызмет 2022 жылы eGov Mobile мобильді қосымшасының көмегімен көрсетілді

    Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасы Ростислав Коняшкин мемлекеттік қызметтерді смартфон арқылы көрсету бағытында жұмыс нәтижелерімен таныстырды.

  • eGov.kz порталында және eGov mobile мобильді қосымшасында жаңа қызмет қолжетімді

    eGov.kz порталында және eGov mobile мобильді қосымшасында жаңа қызмет қолжетімді

    Енді сыбайлас жемқорлық қылмыс туралы ақпаратты eGov.kz порталы мен eGov mobile мобильді қосымшасынан алуға болады.

     

    Қызмет онлайн режимінде қолжетімді және тегін көрсетіледі. Жаңа қызметтің көмегімен:

  • Экономикалық шоғырлануға келісім беру мемлекеттік қызметі e-license.kz порталында қолжетімді

    Экономикалық шоғырлануға келісім беру мемлекеттік қызметі e-license.kz порталында қолжетімді

    Енді e-license.kz порталында «Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтініштерді қарау» қызметі онлайн форматта қолжетімді.