Elicense.kz порталы мен «Отбасы банк» АҚ қызметтерін eGov QR арқылы алуға болады
EGov Mobile мобильді қосымшасындағы eGov QR-ді жеке тұлғалар Е-лицензиялау порталында жұмыс істеген кезде пайдалана алады. Сондай-ақ otbasybank.kz порталында жалға алуды субсидиялауға өтінім беру кезінде деректерді жинауға және өңдеуге және enpf-otbasy.kz платформасында сыртқы аударым операциялары кезінде құжаттарға қол қойған кезде eGov QR-ды пайдалануға болады.
eGov QR – құжаттарға қол қою процесін жеңілдететін балама әдіс. Оны пайдалану қажетті құжатқа жылдам қол жеткізуге және eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы онлайн режимінде қол қоюға көмектеседі.