Skip to main content
  • Электрондық шот-фактураларға eGov QR арқылы қол қоюға болады

    Электрондық шот-фактураларға eGov QR арқылы қол қоюға болады

    Енді мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында электрондық шот-фактураларды тапсыру кезінде eGov mobile қосымшасында eGov QR сканерлеу арқылы қол қою мүмкіндігі бар.

    Жаңа функция салық төлеушілерге esf.gov.kz сайтында электронды құжаттарға қол қоюға, сондай-ақ осы сайтта авторизациядан өтуге мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта бұл функция тек жеке тұлғалар үшін жұмыс істейді.

  • eGov mobile қосымшасында ерлі-зайыптылардың нотариалды куәландырылған келісімін ресімдеуге болады

    eGov mobile қосымшасында ерлі-зайыптылардың нотариалды куәландырылған келісімін ресімдеуге болады

    Енді ерлі-зайыптылардың нотариалды куәландырылған келісімін eGov mobile қосымшасында онлайн түрде ресімдеуге болады. ҚР Әділет министрлігінің, республикалық нотариаттық палатаның және «Ұлттық ақапараттық технологиялар» АҚ ақпараттық жүйелері арасындағы интеграция азаматтарға нотариусқа бармай ақ нотариат куәландырған құжаттарды бірнеше минут ішінде куәландыруға мүмкіндік береді.