Skip to main content
  • eGov.kz порталында автокөлік тарихын тексеру сервисі қолжетімді болды

    eGov.kz порталында автокөлік тарихын тексеру сервисі қолжетімді болды

    Қазақстандықтарда eGov.kz порталында «Көлік тарихы» сервисінің көмегімен автокөлікке иелік ету тарихы туралы барлық ақпаратты тексеру мүмкіндігі пайда болды. Сервис пайдаланушыларға сатып алудың алдында көліктің тарихын тексеруге көмектеседі.

    Сервисті енгізу пайдаланушыға әлеуетті сатып алу туралы қосымша ақпаратпен танысуға көмектеседі және сәйкессіздіктер туындаған жағдайда бірқатар проблемалардан сақтайды. Тексеру үшін әлеуетті сатушыдан көліктің мемлекеттік нөмірін және техникалық паспорт нөмірін білу қажет.

  • Қазақстандықтардың жеке куәліктері Samsung Wallet-те қолжетімді болады

    Қазақстандықтардың жеке куәліктері Samsung Wallet-те қолжетімді болады

    Қазақстандықтарда eGov Mobile-дан жеке куәліктің цифрлық нұсқасын Samsung Wallet электрондық әмиянына орналастыру мүмкіндігі пайда болды. Жобаны Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және Samsung Electronics Central Eurasia компаниясымен бірлесіп пилоттық режимде іске қосты.

  • Жылжымайтын мүліктің мекенжайын беру немесе жою онлайн-қызметі eGov.kz порталында қолжетімді

    Жылжымайтын мүліктің мекенжайын беру немесе жою онлайн-қызметі eGov.kz порталында қолжетімді

    Енді пайдаланушылар eGov.kz порталында онлайн режимінде өз жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын бере немесе жоя алады. Осы қызмет бойынша бұрын анықтама берген Халыққа қызмет көрсету орталықтарына бармай-ақ процесті автоматтандыруға мүмкіндік берді.

  • «ҰАТ» АҚ жұмыскері Best Public Innovator 2024 санатында Gimi AWARDS финалисі атанды

    «ҰАТ» АҚ жұмыскері Best Public Innovator 2024 санатында Gimi AWARDS финалисі атанды

    «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Халықаралық ынтымақтастық басқармасының бастығы Асқар Бахтгерейұлы Синчев Best Public Innovator 2024 санатында GIMI INNOVATION AWARDS финалисті атанды. Марапат қоғамдық және мемлекеттік процестерге айтарлықтай әсер ететін әртүрлі салалардағы жаңашылдық идеялар мен инновациялар үшін беріледі.

  • Металл сынықтарын жинауға, сақтауға, өңдеуге және сатуға рұқсатты elicense.kz порталынан алуға болады

    Металл сынықтарын жинауға, сақтауға, өңдеуге және сатуға рұқсатты elicense.kz порталынан алуға болады

    Elicense.kz порталында заңды тұлғалар үшін сынықтарды, сондай-ақ түсті және қара металдардың қалдықтарын жинау, сақтау, қайта өңдеу және өткізу бойынша қызмет автоматтандырылды. Рұқсат алу Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында кәсіпкерлердің қызметі үшін қолжетімді.

    Рұқсат беру бойынша қызмет көрсету мерзімі 15 жұмыс күнін құрайды. Кәсіпкер лицензияны өзінің орналасқан жері бойынша жергілікті атқарушы органдардан рұқсат ала алады.

    Рұқсатты алу үшін:

  • Қазақстандықтар тұрғын үй сертификаттарын eGov.kz порталынан ала алады

    Қазақстандықтар тұрғын үй сертификаттарын eGov.kz порталынан ала алады

    Ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін тұрғын үй сертификаты тұрғын үйге мұқтаж және табыс деңгейі жеткіліксіз отбасыларға беріледі. Сертификат алуға арналған тиісті онлайн-қызмет eGov.kz порталында қолжетімді болды.

    Сертификат ҚР Ұлттық Банкі бекіткен ипотекалық бағдарлама немесе мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бойынша тұрғын үй сатып алынған жағдайда беріледі. Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының мөлшері мен тізбесін жергілікті атқарушы органдар айқындайды.

  • eGov Mobile-ға 5 жыл: смартфондағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мен сервистер

    eGov Mobile-ға 5 жыл: смартфондағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мен сервистер

    Жаңартылған eGov Mobile мобильді қосымшасы іске қосылғаннан бері бес жыл өтті. Бүгінде әрбір екінші қазақстандық eGov Mobile пайдаланушысы болып табылады, ол ай сайын 4 миллионға жуық пайдаланушыға мемлекеттік қызмет көрсетеді.