Skip to main content
  • Әскери қызмет туралы мәліметтер енді eGov Mobile қосымшасында қолжетімді

    Әскери қызмет туралы мәліметтер енді eGov Mobile қосымшасында қолжетімді

    Енді қазақстандықтар eGov Mobile қосымшасы арқылы әскери қызмет туралы деректерді ала алады және жібере алады. Бұл «Цифрлық мәліметтер» сервисінің жаңартылуы арқасында мүмкін болды.

    Енді пайдаланушылар өздерінің әскери қызметке шақырылу мәртебесі мен әскери қызметке шақыру туралы ақпаратты смартфонынан тікелей қарап, бөлісе алады. Жаңа функциялар деректерге қолжетімділікті одан әрі ыңғайлы және жеңіл етеді.

    Қосымшаның жаңартылған нұсқасында екі жаңа цифрлық мәліметтер қолжетімді:

  • «ҰАТ» АҚ және Astana IT University IT мамандарды даярлау туралы меморандумға қол қойды

    «ҰАТ» АҚ және Astana IT University IT мамандарды даярлау туралы меморандумға қол қойды

    «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және Astana IT University IT-кадрларды даярлау туралы меморандумға қол қойды. Бұл келісім AI, GovTech және ақпараттық қауіпсіздік салаларында білікті мамандардың дамуына ықпал етеді.

    Меморандумға қол қою нәтижесінде «ҰАТ» АҚ және AITU ғылыми-практикалық іс-шараларда тәжірибе алмасуға ниетті. Тараптар сондай-ақ AI, GovTech, ақпараттық қауіпсіздік және QazTech бағыттарында микро сертификаттау жөніндегі бірлескен бағдарламаларды дамытатын болады.

  • eGov Mobile қосымшасында Кредиттік және сақтандыру тарихы бойынша нұсқаулық пайда болды

    eGov Mobile қосымшасында Кредиттік және сақтандыру тарихы бойынша нұсқаулық пайда болды

    eGov Mobile мобильді қосымшасында «Кредиттік және сақтандыру тарихы бойынша нұсқаулық» атты жаңа сервис іске қосылды. Енді пайдаланушылар өздерінің несие алу және сақтандыру тарихын қадағалап, жалпы кредиттік қабілеттілік деңгейін онлайн бағалай алады.

    Сервис «Кредиттеу» және «Сақтандыру» атты бөлімдерден тұрады. Бұл бөлімдерде пайдаланушы бұрын алған несиелері мен сақтандыру қызметтері туралы АО «Мемлекеттік несие бюросының» деректеріне негізделген өзекті ақпарат ұсынылған.

  • Қазақстандықтар 073/е анықтамасын eGov.kz порталында үш қадам арқылы ала алады

    Қазақстандықтар 073/е анықтамасын eGov.kz порталында үш қадам арқылы ала алады

    eGov.kz порталын пайдаланушылар алушының көлік құралын басқаруға жарамды екенін растайтын 073/е нысанындағы медициналық анықтаманы ала алады. Жаңа көрсетілетін қызмет жүргізуші куәлігін ресімдеу, ұзарту және қалпына келтіру процесін айтарлықтай жеңілдетеді.

    073/е нысанындағы медициналық анықтама – барлық жүргізушілер үшін міндетті құжат, ол көлік құралын басқаруға қарсы көрсетілімдердің жоқ екенін растайды.

  • eGov Mobile пайдаланушылары смартфоннан автокөлік тарихын тексере алады

    eGov Mobile пайдаланушылары смартфоннан автокөлік тарихын тексере алады

    Бұрын автокөлік тарихын тексеру қызметі электрондық үкімет порталында қолжетімді болды. Енді eGov Mobile мобильді қосымшасының пайдаланушылары көлік құралының иелену тарихы туралы ақпаратты смартфондарынан бірнеше қадам арқылы тікелей ала алады. Бұл ақпарат алу процесін айтарлықтай жылдамдатып, автокөлік сатып алу кезінде тәуекелдерді азайтуға көмектеседі.