Skip to main content
  • «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ облигацияларын шығару арқылы 3 миллиард теңге көлемінде қаражат тартты

    «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ облигацияларын шығару арқылы 3 миллиард теңге көлемінде қаражат тартты

    2024 жылдың 27 желтоқсанында «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ (ҰАТ) алғашқы облигацияларын Қазақстан қор биржасына (KASE) сәтті орналастырды. Компания жылдық 19% мөлшерлемемен 3 миллиард теңгені тартты.

    Облигацияларды орналастыру ҰАҚ-ға қарыз капиталы нарығына шығуға мүмкіндік берді, бұл компанияның дамуы үшін маңызды қадам болды. Жиналған қаражат Қазақстанның мемлекеттік органдарының жұмысын қамтамасыз ететін ақпараттық-коммуникациялық қызметтердің инфрақұрылымын дамытуға жұмсалады.

  • Қазақстандықтар бұрын алған колледж дипломдары мен мектеп аттестаттарын eGov.kz порталында цифрландыра алады

    Қазақстандықтар бұрын алған колледж дипломдары мен мектеп аттестаттарын eGov.kz порталында цифрландыра алады

    eGov.kz порталында білім туралы құжаттарды цифрландыруға арналған қызмет қолжетімді. Енді азаматтар тек қате деректерді түзетіп қана қоймай, құжаттың цифрлық нұсқасын жасауға өтініш бере алады. Қызмет тек бұрын алынған дипломның немесе аттестаттың сканерленген көшірмесі болған жағдайда ғана қолжетімді.

    «Білім туралы құжаттардағы мәліметтерді жаңарту (түзету)» мемлекеттік қызметі кеңейтілді. Бұрын бұл қызмет тек қате мәліметтерді түзетуге мүмкіндік берсе, енді білім туралы құжаттарды цифрландыруға өтініш беру мүмкіндігі қосылды.