Skip to main content
  • «ҰАТ» АҚ және Zehn.ai GovTech саласында бірлескен инновациялық зертхана құрады

    «ҰАТ» АҚ және Zehn.ai GovTech саласында бірлескен инновациялық зертхана құрады

    Тиісті келісім Digital Almaty 2025 форумы аясында жасалды. «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ («ҰАТ» АҚ) мен Zehn.ai арасындағы стратегиялық келісім мемлекеттік технологиялар мен цифрлық трансформация саласындағы бірлескен инновациялық зертхананы құруға және дамытуға бағытталған.

    Меморандумға қол қою нәтижесінде GovTech және жасанды интеллект (AI) саласындағы жаңа технологиялық шешімдерді тестілеу мен енгізуге арналған бірегей платформа ретінде зертхана құрылады. 

  • «ҰАТ» АҚ мемлекеттік органдардың серверлік инфрақұрылымын дамыту үшін 34 миллиард теңге қарыз қаражатын тартуда

    «ҰАТ» АҚ мемлекеттік органдардың серверлік инфрақұрылымын дамыту үшін 34 миллиард теңге қарыз қаражатын тартуда

    «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ («ҰАТ» АҚ) ҚР мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері үшін серверлік жабдықтармен қамтамасыз ету жобасын іске асыруда. Жобаны қаржыландыру «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ (ҚДБ) серіктестігімен несие желісі арқылы қамтамасыз етілген. Бұл «ҰАТ» АҚ-ның жүзеге асыру үшін қарыз қаражаты тартылған алғашқы жобасы.