Skip to main content

2024 жылдың бірінші жартыжылдығында қазақстандықтар eGov және eGov Mobile арқылы 20 миллионнан астам мемлекеттік қызмет алды

eGov.kz порталы қазірдің өзінде барлық мемлекеттік қызметтер мен сервистердің 90%-дан астамын автоматтандырды. Смартфондардан қызмет алуға деген жоғары сұранысты ескере отырып, eGov Mobile мобильді қосымшасын дамытуға ерекше назар аударылады. EGov порталы мен eGov mobile қосымшасының тіркелген пайдаланушыларының саны 14 миллионнан астам азаматты құрайды, олардың 1,2 миллионнан астамы осы жылдың басынан бастап тіркелген.

eGov.kz порталын және eGov Mobile мобильді қосымшасының пайдаланушылары үйден немесе кеңседен шықпай-ақ онлайн режимінде өтінімдер беру мүмкіндігі бар, бұл мемлекетпен өзара әрекеттесу процесін едәуір жеңілдетеді. Қазіргі уақытта портал азаматтарға 450 миллионнан астам қызмет көрсетті, ал қолданба 66 миллион қызмет көрсетті.

eGov.kz порталы цифрлық мемлекеттік қызметтер портфелін кеңейту бойынша жүйелі жұмыс істеуде. Осы жылдың басынан бастап порталда емханаға тіркелу және білім туралы құжаттарды (жоғары, орта, техникалық және орта білімнен кейінгі) тану сияқты қызметтерге өзгерістер енгізілді.


 

Азаматтарға ыңғайлы болу үшін «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ мамандары қызметтер мен сервистерді eGov Mobile қолданбасына белсенді түрде көшіруде.

 

Бүгінгі таңда eGov mobile мобильді қосымшасындағы «Цифрлық құжаттар» сервисі қазірдің өзінде 33 құжатты қамтиды және іске қосылған сәттен бастап оны 12 млн. астам рет пайдаланды.

Айта кетерлік жайт, қолданушылар ыңғайлығы үшін ең танымал мемлекеттік қызметтер мен сервистер екінші деңгейдегі бірнеше банктердің мобильді қосымшаларына енгізілген. Сонымен қатар, eGov.kz порталындағы және eGov Mobile мобильді қосымшасындағы барлық модификациялар мемлекеттік органдармен тығыз өзара ынтымақтастық негізінде енгізіледі.