Skip to main content

5384 алкоголь өнімі «Е-Sapa» қосымшасы арқылы тексерілді

«Е-Sapa» -бұл есепке алу-бақылау маркаларында (ЕБТ) штрих-кодтарды сканерлеу арқылы алкоголь өнімінің заңдылығын тексеруге мүмкіндік беретін мобильді қосымша.

Қосымша артықшылықтары:

✓Қосымшаны пайдалану оңай және қолайлы;

✓Ақпаратты жылдам өңдеу, қосымша бірден сканерлейді және нәтижесін көрсетеді;

✓Ешқандай қосымша деректер жинамайды, контактілерге, микрофонға және т. б. қолжеткізуді сұрамайды.

Қалай пайдалануға болады?

- Қосымша сканерін маркаға (штрих-код) апарыңыз;

- Немесе сериясын, нөмірін және маркасын қолмен енгізіңіз;

- Нәтижесінде сусынның атауы, өндірушісі және т. б. туралы ақпарат аласыз.

«E-Sapa» мобильді қосымшасы Қазақстан Республикасында барлық акцизделетін алкоголь өнімінің, оның ішінде DataMatrix және PDF-417 штрих-коды бар маркалардың түпнұсқалығын тексеруге мүмкіндік береді.

Естеріңізге сала кетейік, «Е-Sapa» ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетімен бірлесіп, белгіленбеген үлгідегі маркалармен алкоголь өнімін сатуға қарсы күрес және заңсыз алкоголь өнімін сатуды азайту аясында жүзеге асырылды.

Play Market және App Store қосымшаларының дүкендерінде жүктеп алу үшін қолжетімді.