Skip to main content

92 азамат шетелден Қазақстан Республикасындағы тұрғылықты жері бойынша уақытша тіркеуді рәсімдеген

2017 жылғы қаңтарда eGov.kz порталында үйден шықпай-ақ тұрғылықты жері бойынша уақытша тіркеу мүмкіндігі жүзеге асырылған болатын. Бұл қызмет бойынша бір жерде 1 айдан 48 айға дейін уақытша тіркеле алады, бұдан басқа тұрақты мекенжайы сақталады. 5 ақпараттық жүйенің («Жеке тұлғалар» МДҚ, «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» МДҚ, «Мекенжай тіркелімі» АЖ, «Халықты құжаттандыру және тіркеу» Тіркеу пункті» АЖ, «Электрондық үкімет порталы» АЖ) интеграциясының арқасында қазіргі уақытта азаматтар онлайн режимде небәрі 15 минут ішінде уақытша тіркеу қызметін рәсімдей алады.

2017 жылы электрондық үкіметтің порталы арқылы уақытша тіркеуге барлығы 30 746 адам тіркелген. Олардың 48 %-ы ерлер, 52 %-ы әйелдер. Аталған қызметті пайдаланған адамдардың ішіндегі ең жасы 16 жасар Астана қаласы Алматы ауданының тұрғыны. Ал ересек адамдардың осы қызметті пайдаланушылардың ішіндегі ең жасы үлкені – 94 жастағы қария болып шықты (Алматы қаласы, Медеу ауданы). Мұнымен қоса 92 азамат шетелден Қазақстандағы тұрғылықты жері бойынша уақытша тіркеуді рәсімдеген.

Уақытша тіркеу қызметін пайдалану үшін, арыз беруші мен тұрғын үй иесінің қолдану күші бар (мерзімі өтпеген) ЭЦҚ болуы және eGov.kz порталында тіркелуі шарт екенін естеріңізге саламыз. Уақытша тіркеуге тұру қызметі «Азаматтық, көші-қон және көшіп-келу» бөлімінің «Халықты тіркеу және тіркеу есебінен алып тастау» бөлімшесінде қолжетімді. Бөлімшеде көрсетілген нысанда (формада) қажетті деректерді дұрыс толтыру қажет. Қызмет тегін болып табылады. Уақытша тіркеуге тұру қызметінің нәтижесін мекенжай анықтамасын сұрату арқылы (http://egov.kz/cms/kk/services/housing_relations/013pass_mvd) тексеруге болады.

Уақытша тіркеу қызметін пайдалану нұсқаулығы келесі сілтемеде ораналасқан: http://egov.kz/cms/kk/services/registration/reg_grazhdan