Skip to main content

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

2022 жылғы 15 тамыздан бастап қазақстандықтар eGov.kz электрондық үкімет порталында және eGov mobile мобильдік қосымшасы арқылы өтініш бергеннен кейін күнтізбелік 15 күн өткен соң некені тіркей алады.

Бұрын қолданыстағы заңнама нормаларына сәйкес, некеге тұру туралы өтініш некені мемлекеттік тіркеуден бір ай бұрын берілген.

Айта кетейік, бұл өзгерістер неке қию мерзімдерін оңтайландыру және ҚР ӘМ бастамасы бойынша отбасын құрудағы кедергілерді жою мақсатында, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инновацияларды ынталандыру, цифрландыруды дамыту, ақпараттық қауіпсіздік және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңымен енгізілді.

Алғаш рет некеге тұрған және балалары жоқ жастарға құжаттардан жеке куәлік жеткілікті болады. Сондай – ақ, мемлекеттік бажды (1 АЕК) төлеу қажет.

Некені тіркеуге өтінішті eGov.kz порталында және eGov mobile мобильдік қосымшасы арқылы беруге болады, сондай-ақ АХАТ бөлімдерінің көмегімен жүзеге асырылады.