Ашық деректер, Ашық диалог, Ашық НҚА, Ашық бюджеттер компоненттерінің мобильді нұсқалары әзірленді
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ «Ашық үкімет» (open.egov.kz) порталының мобильді нұсқасы әзірленгені туралы хабарлайды.
Мобильді нұсқа «Ашық деректер», «Ашық диалог», «Ашық НҚА» және «Ашық бюджеттер» компоненттерде әзірленген және іске асырылған.
Порталдың мобильді нұсқасының көмегімен азаматтар:
- Ашық диалог» компоненті арқылы - мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына өтініш бере алады, интернет-конференциялар мен сауалнамаларға қатыса алады, сондай-ақ пікірлер қалдыра алады.
- «Ашық деректер» компоненті арқылы - порталда орналастырылған деректер жиынтығын қарап, түсініктемелер қалдыруға және жаңа деректер алуға өтінім бере алады.
- «Ашық НҚА» компоненті арқылы - мұрағатты, НҚА жобаларын қарап, пікір қалдырып және дауыс беруге қатыса алады.
- «Ашық бюджеттер» компоненті арқылы - порталда орналастырылған құжаттаманы қарап, пікірлер мен ұсыныстарды қалдыра алады.
Естеріңізге саламыз, мобильді нұсқа — бұл смартфон немесе планшет өлшеміне бейімделген портал көшірмесі. Әзірленген мобильді нұсқа «Ашық үкімет» порталын ыңғайлы пайдалануға мүмкіндік береді.
Анықтама:
«Ашық үкіметтің» мақсаты - ашық және халық алдында есеп беруге міндетті мемлекетті құру, азаматтардың мемлекеттік басқару саласындағы құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту, жемқорлыққа қарсы күресті күшейту мен жаңа технологияларды мемлекеттік басқару тиімділігін арттыру үшін қолдану болып табылады. «Ашық үкіметтің» мақсаты - ашық және халық алдында есеп беруге міндетті мемлекетті құру, азаматтардың мемлекеттік басқару саласындағы құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту, жемқорлыққа қарсы күресті күшейту мен жаңа технологияларды мемлекеттік басқару тиімділігін арттыру үшін қолдану болып табылады.