Бірыңғай байланыс орталығы 1414 «Хрусталь гарнитурасы» байқауының финалына өтті
12 ақпанда «Хрусталь гарнитурасы» халықаралық байқауының бірінші кезеңі аяқталды. Бірыңғай байланыс орталығы 1414 келесі номинациялар бойынша финалға қатысушылардың шорт-парағына енді:
- «Жыл параоператоры»,
- «Жетілдіру, жаңғырту, бизнес-трансформация бойынша ең үздік бағдарлама».
2017 жылы Бірыңғай байланыс орталығы 1414 eGov.kz порталының қолданушыларының 4,3 миллионнан астам ұсынысын өңдегенінайта кеткен жөн.
Бүгінгі таңда ББО 705 мемлекеттік қызмет бойынша кеңес көрсетеді. Күн сайын 14-тен 16 мыңға дейін қоңырау қабылданады, сонымен бірге бір оператор күніне 200-ге жуық клиентке қызмет көрсетеді. Қоңыраулардың жоғалуын болдырмау үшін, 2017 жылы ББО-ны жаңғырту бойынша жұмыстар басталды.
Соның ішінде дауыстық мәзірді автоматтандыру енгізілуде. Берілген жүйе адамның сөйлегенін танып білу және талдау технологиясын енгізу арқасында, клиенттерге қызмет көрсетудің/өз-өзіне қызмет көрсетудің сапалы жаңа деңгейіне өтуге мүмкіндік береді. Операторлардың жұмыс жүктемесін азайту үшін жүйеде Кенес роботының ең танымал 10 сұраққа жауап беру мүмкіндігі бапталған.
Сонымен қатар, жақын арада, барлық қоңырауларды тыңдап, операторлар тарапынан дөрекілік танытылуына байланысты бұзушылықтарды анықтайтын сөйлеу аналитикасын және сапасын бақылау жүйесі іске қосылады. Бұл жүйені енгізу, сондай-ақ, тақырыптар каталогын құруына және білім базасын жаңартуға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, бұл құрал жаңадан пайда болған қолданушылардың өзекті сұранымдарын тез анықтауға және ББО операторларының жұмыс сапасын бағалауды автоматтандыруға мүмкіндік береді.
ББО жаңғырту бойынша барлық процесстер клиенттерге қызмет көрсету сапасын айтарлықтай жақсартуға бағытталған.
Бұрын, 2017 жылдың наурыз айында, Бірыңғай байланыс орталығы «Хрусталь гарнитурасы-2016» байқауының «Мемлекеттік органдарда және ТҮШ секторында халыққа қызмет көрсету бойынша үздік орталық» номинациясында жеңімпаз атанғанын және қазылар алқасының жоғарғы бағасына ие болғанын еске саламыз. ендігі байқаудың қорытындылары наурыз айында шығады, ал марапаттау рәсімі 21 наурызда Москва қаласында өтеді.
Анықтама: «Хрусталь гарнитурасы» - 2005 жылдан бастап, үздік байланыс орталықтарына берілетін, байланыс орталықтары және клиенттерге қызмет көрсету индустриясындағы беделді кәсіби марапаттардың бірі. Номинацияның жеңімпазы қорытыныдылары және сарапшы қазылар алқасы мүшелерінің финалдық дауыс беруі бойынша анықталады. Жыл сайын Call Center Guru кәсіпқойлар қоғамдастығымен мекемелендірілген байқауына Ресей, Украина, Қазақстан және Белорусь, Қырғызстан, Тәжікістан, Армения, Грузия және басқа да елдердің байланыс орталықтарының 100-ден астам алаңын көрсететін номинанттар қатысады. кәсіпқойлық байқау байланыс орталықтары индустриясындағы ең мағызды позицияларын жаулап алды және халықаралық құрметіне ие болды.