Skip to main content

Енді салық есептілігін кері қайтару оңайырақ болды

2019 жылғы 7 тамыз "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ eGov порталында "Салық есептілігін кері қайтарып алу" жаңа қызметі қолжетімді екенін хабарлайды.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің қолдауымен "Салық есептілігін кері қайтарып алу" мемлекеттік көрсетілетін қызметін оңтайландыру бойынша жол картасын іске асыру шеңберінде "электрондық үкіметтің" порталында жаңа қызмет іске қосылды, сондай-ақ кейбір өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

■ 2018 жылғы 1 қаңтарданбастапқолданысқаенгенСалықкодексініңшеңберінде:

■салықесептілігінкеріқайтарыпалурежиміөзгертілді;

■салықесептілігінкеріқайтарыпалуғаөтініштіңсыртқытүріөзгертілді. 

■енді eGov порталындаонлайнөтінімберугежәнеқызметтіүйденшықпай-ақалуғаболады.

Пайдаланушы салық есептілігін "электрондық үкіметтің" порталы арқылы кері қайтарып алу мүмкіндігіне ие болғанын атап өтеміз. Ол  үшін eGov порталында салық есептілігін кері қайтарып алуға өтініш толтыру қажет, бұл ретте пайдаланушы туралы деректер мемлекеттік деректер қорында автоматты түрде тексеріледі.

EGov порталындағы қызметтер бойынша туындаған сұрақтар бойынша Бірыңғай байланыс орталығына "1414" нөмірі арқылы хабарласуыңызға (Қазақстан бойынша тегін) немесе 1414.kz  пікіріңізді қалдыруыңызға болады.

Салық төлеушінің кабинетінде/СЕӨЖ-дегі қызметтер бойынша туындаған сұрақтарыңызды СЕӨЖ / Салық төлеушінің кабинеті ақпараттық жүйесін пайдаланушыларды  қолдау қызметінің электрондық поштасына sonosd@mgd.kz  жіберуіңізге болады. 

* * * * *

«ҰАТ» АҚ – «электрондық үкімет» инфокоммуникациялық инфрақұрылымының және МО бірыңғай көлік жүйесінің операторы болып табылады, сондай-ақ орталық және өңірлік МО ақпараттық жүйелеріне жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асырады. МО деректер қорында ақпаратты қауіпсіз сақтау үшін жауап береді. Халықпен, яғни клиенттермен қызмет бұл – «Электрондық үкімет» (egov.kz) және «Ашық үкімет» (open.egov.kz) порталдары, mGov.kz қосымшасы, телеграм бот @EgovKzBot, ҚР 1414 Бірыңғай байланыс орталығы.

Қосымша ақпарат алу үшін:

«Ұлттық ақпараттық технологиялар»  АҚ

Қазақстан Республикасы, Астана қ., Д. Қонаев к., 12/1

т.: +7-7172-740596 www.nitec.kz

www.nitec.kz