Skip to main content

Қазақстанда аграрлық қызметкерлер үшін ашық деректерге негізделген алғашқы интернет-портал іске қосылды

Қазақстанда аграрлық қызметкерлер үшін ашық деректерге негізделген алғашқы интернет-портал іске қосылды

Қазақстанда ауыл шаруашылығына арналған, барлық ауыл шаруашылық қызметкерлері пайдалана алатын, алғашқы интернет-порталы жұмыс істей бастады. Порталдың жасаушысы Айдос Аманбай, маңызы үлкен жобаны жүзеге асырғаны үшін серіктестері мен «Tech Garden Cup-2016» хакатонын ұйымдастырушыларымен марапатталып, «Үздік жоба-әзірлеу» номинациясын иеленді. Хакатонның технологиялық серіктесі ретінде «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ тапсырмасы бойынша жарысқа қатысушыларға iOS, Windows немесе Android платформалары үшін мобильдік қосымша мен веб-қосымша жасау үшін data.egov.kz. порталындағы ашық деректерді пайдалану шарты қойылған болатын.

Agrobiz.kz интернет-порталы шаруа қожалықтарының мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, қаржы институттарымен, ғылыми орта және коммерциялық сектормен байланыстарын жеңілдету мақсатымен жасалған.

Мысалы, ауылдық аймақтардағы әкімшілік жедел түрде әр түрлі ескерту мен хабарландыруларды өз аймақтарының шаруа қожалықтарына жібере алады, ал мемлекеттік органдар қауіп-қатер жағдайлары туралы (сел жүру, өрт, зиянкестердің таратылу қауіпі мен карантин аурулары немесе салық төлемдерінің мерзімдері туралы) дер кезінде хабар тарата алады. Сонымен қатар, аталған дереккөздің көмегімен шаруа қожалықтарының иелері қызметтері жайлы актуалды ақпаратты жариялап, өз өнімдерін нарықта жарнамалауға мүмкіндіктері бар.

Өз жобасында Айдос Аманбай Ашық деректер (data.egov.kz) порталының ашық қолданыстағы деректерді барынша пайдаланған. Порталдағы керек деген барлық ақпаратты: көкөніс өнімдерін өсіретін мекемелер мен белгіл бір аудандардағы мал-дәрігерлік емханалардың болуы және т.б. Солайша әзірлеуші тек қана ақпараттық өнім емес жан-жақты ақпаратпен қамтылған ауыл шаруашылық интернет-порталын жасап шығарды. «Менің пікірімше Ашық деректер – порталдар мен мобильдік қосымшаларды жасаушылар, зерттеушілер үшін өте пайдалы жүйе. Ашық деректерді пайдалана отырып, сан түрлі пайдалы ақпараттық өнімдерді жасауға болады, соның ішінде коммерциялық өнімдер. Жіктеуіш функциясымен қатар, мұнда барлық жүйелер автоматтандырылған, мемлекеттік статистикалық ақпараттар, концепциялар, аудиторлық шаралар туралы ақпарат, есептер және т.б. пайдалы ақпараттар қолжетімді. Ашық деректердің мүмкіндіктері көп. Тек қана қандай ақпаратты нәтижелі пайдаланғыңыз келетінін таңдап бастамашылық жасау керек» - деді Айдос Аманбай.

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасы Әлнұр Ермағамбетов атап өткендей «Ашық деректер порталында 2000-нан астам деректер жинағы қолжетімді, енді, алға қойған мақсаттарымыздың бірі – жоба әзірлеушілер, бағдарламашылар, хакатонға қатысушылар тарапынан  порталдағы деректердің сапасына қатысты пікірлерін алу. «Алдағы уақытта да жас мамандарды ашық деректерді кеңінен пайдалануға шақыруды жоспарлап отырмыз» - деп қосты Ә.Ермағамбетов.