Қосымша білім беру саласындағы қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаны онлайн түрде elicense.kz порталынан алуға болады

Үйірме, шығармашылық студия немесе спорт секциясын ашқыңыз келе ме? Енді қосымша білім беру саласындағы қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы міндетті хабарламаны бірнеше қадамда жіберуге болады – elicense.kz порталындағы жаңа қызмет толығымен автоматтандырылған және онлайн түрде қолжетімді.
Мұндай хабарламаны беру – тіл курстарын, балаларға арналған білім беру орталықтарын, үйірмелерді, секцияларды, студияларды және басқа да мектептен тыс мекемелерді ашу немесе жабу кезінде заңнамада көзделген міндетті талап. Балаларға қосымша білім беру қызметін тек осындай хабарламаны алғаннан кейін ғана бастауға болады.
Қосымша білім беру ұғымына балалар мен жасөспірімдердің қабілеттерін дамытуға бағытталған үйірмелер, секциялар, студиялар, шығармашылық орталықтар, музыка, спорт және бейнелеу өнері мектептері, балалар мен жасөспірімдер клубтары және басқа да мектептен тыс мекемелер жатады.
Хабарламаны алу үшін:
- elicense.kz порталына кіріп, авторизациядан өту қажет;
- «Білім» бөліміне өтіп, «Қосымша білім беру саласындағы қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама» қызметін таңдау керек;
- өтінімді толтырып, қажет болған жағдайда құжаттарды жүктеу қажет;
- өтінімді қол қоюдың қолжетімді тәсілдерінің бірімен растау керек.
Қызмет толық автоматтандырылған режимде көрсетіледі – мемлекеттік органдардың қатысуынсыз және өңдеуді күтусіз. Өтінім жіберілгеннен кейін құжат бірден қалыптасып, elicense.kz порталындағы жеке кабинеттегі «Менің хабарламаларым» бөлімінде көрсетіледі.
Сервис Қазақстанның бүкіл аумағында бизнес өкілдеріне қолжетімді және тегін көрсетіледі.
Қосымша білім беру саласындағы қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаны тек эпидемиологиялық тұрғыдан елеусіз объектіні пайдаланудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаны рәсімдегеннен кейін ғана жолдауға болатынын атап өткен маңызды.
Аталған құжат нысанның санитарлық талаптарға сәйкес келетінін және білім беру мақсатында пайдалануға жарамды екенін растайды. Онсыз қосымша білім беру саласында қызмет туралы хабарлама беру мүмкін емес.
Қызмет ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің бірлескен жұмысы нәтижесінде іске асырылды.