Skip to main content

Мемлекеттік қызметтерді, салықтар мен айыппұлдарды QR-кодпен Kaspi.kzмобильді банкинг арқылы төлеуге болады

Енді "электрондық үкіметтің" төлем шлюзінде (ЭҮТШ) QR-кодты сканерлеумен«Kaspi.kz»мобильді қосымшасы арқылы ыңғайлы төлемдер қолжетімді.

Мемлекеттік қызметтер үшін және бюджетке төленетін басқа да төлемдердің  осы әдісін пайдалану үшін "электрондық үкімет" веб-порталында, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің салық төлеушісінің кабинетінде қызметкетапсырыс беру жеткілікті, elicense.kz немесе ХҚКО филиалдарында, кейіннен ЭҮТШ бетінде "QR-code"Kaspi.kz-тытаңдау және құрылған кодты Кaspi.kz мобильді қосымшасында сканерлеу қажет.

ЭҮТШ-да төлем картасымен, электрондық әмиянмен, мобильді теңгерім сияқты төлем тәсілдері бар.