Skip to main content

mGov қосымшасында жаңа 12 мемлекеттік көрсетілетін қызмет іске қосылды

29.01.19 ж.,«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ mGov қосымшасы арқылы «Электрондық үкімет» порталының 12 қосымша қызметінің іске қосылғаны туралы хабарлайды.

Енді мобильді қосымшаның көмегімен азаматтарға келесі қызметтер қолжетімді:

·  Наркологиялық диспансерден анықтамалар;

·  Психоневрологиялық диспансерден анықтамалар;

·  Туберкулезге қарсы диспансерден анықтамалар;

·  Некеге тұру туралы қайталама куәлікке өтініш беру;

·  Әке болуды анықтау туралы қайталама куәлікке өтініш беру;

·  Атын, тегін, әкесінің атын ауыстыру туралы қайталама куәлікке өтініш беру;

·  Некені бұзу туралы қайталама куәлікке өтініш беру;

·  Қазақстан Республикасының халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеу;

·  Жүргізуші куәлігін алу;

·  Е-Биржа (электрондық еңбек биржасы);

·  Мекенжай бойынша тіркелген адамдар туралы мекенжай анықтамасын беру (тек Android үшін);

·  Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны туралы мәлімет беру (тек Android үшін).

Жоғарыда көрсетілген қызметтерді ЭЦҚ-мен (электрондық цифрлық қолтаңба) қол қою арқылы немесе бір реттік SMS-пароль арқылы алуға болады (ол үшін Мобильдік азаматтар базасында міндетті түрде тіркелу қажет).

«Электрондық үкімет» мобильдік қосымшасын пайдаланып жүрген азаматтарға жоғарыда көрсетілген қызметтерді алу үшін mGov жаңарту жеткілікті.

Бүгінгі күні eGov.kz порталының мобильдік қосымшасы арқылы 62 мемлекеттік қызмет пен сервис қолжетімді.

Осылай, барлық танымал анықтамалар iOS және Android платформасында гаджеттер әуесқойлары үшін аударылған.

Сондай-ақ, iOS және Android платформаларында жоғарыда көрсетілген мобильді қосымша 1,38 млн еседен астам жүктелгенін атап өткен жөн, ал көрсетілген қызметтер саны 3,66 млн-нан асты.

                                                                                                                         * * * * *

 «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ – «электрондық үкіметтің» инфокоммуникациялық инфрақұрылымы және мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік жүйесінің операторы болып табылады, сондай-ақ орталық және аймақтық мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне жүйелі-техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асырады, мемлекеттік органдардың деректер қорындағы ақпараттың қауіпсіз сақталуына жауап береді. Халықпен, яғни клиенттермен қызмет бұл – «Электрондық үкімет» (egov.kz) және «Ашық үкімет» (open.egov.kz) порталдары, mGov.kz қосымшасы, телеграм бот @EgovKzBot, ҚР 1414 Бірыңғай байланыс орталығы.

Қосымша ақпарат үшін:

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ

Қазақстан Республикасы, Астана қ. Д.Қонаев к-сі 12/1

т.: +7-7172-740596

 

www.nitec.kz 

Image removed.