Мобильдік үкіметтің сұрақтарын реттеу қажет - Асқар Жұмағалиев
Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі алқасының 16 ақпандағы кеңейтілген мәжілісінде ҚР Премьер - Министрінің орынбасары Асқар Жұмағалиев мобильдік үкімет жобалары мен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жөніндегі техникалық және нормативтік мәселелерді реттеу қажеттілігіне түсініктеме берді.
«Үкіметтің табыстылығының негізгі көрсеткіштерінің бірі халыққа қағазсыз, тосқауылсыз, жедел және ашық қызмет көрсетуі. Сондықтан композиттік және белсенді қызметтер үшін мемлекеттік органдардың деректер қорын интеграциялауды өткізу және мобильдік үкіметтің мәселелерін реттеу қажет. Ол үшін бізде ішкі резервтер бар», - деді Асқар Жұмағалиев.
Сондай-ақ, Вице-премьер Асқар Жұмағалиев халық үшін анықтамалар санын азайту мәселесін көтерді.
«Біз қазірдің өзінде 2 миллион анықтамаларды алып тастадық, жылдың соңына дейін 18 миллионға дейін шығарып тастауымыз тиіс, бірақ бұл үшін интеграциялауды қамтамасыз ету қажет», - деді Асқар Жұмағалиев.
Вице-премьердің айтуынша, бұл бағытта әліде жұмыстарды жалғастыру қажет, алайда бүгінгі таңда бұл мәселені шешудің құзыретті тәсілдерінің көзқарастары мен мысалдары бар.
«Мысалы, бүгінгі таңда жас аналар ХҚКО-на жүрудің қажеттілігі жоқ, автоматтандыру олар үшін барлық жұмыстарды жасайды. Жас аналар үйден шықпастан дайын құжаттарды ала алады. Жыл басынан бері осындай қызметтердің 17 мыңы көрсетілді», - деді Асқар Жұмағалиев.