Skip to main content

«Электрондық үкімет» порталында жаңа мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мен сервистер пайда болды

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ «электрондық үкімет» порталында жаңа көрсетілетін қызметтер мен сервистердің іске қосылуы туралы хабарлайды.

Енді, азаматтар «электрондық үкімет» порталы арқылы төтенше жағдай кезеңіне міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушыларына әлеуметтік төлемақы алуға, сондай-ақ жұмыссыз азаматты тіркеуге өтініш бере алады.

Бұған қоса, жаңа мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мен сервистерді іске асыру кезінде оларды алудың кейбір процестерін де оңайлаттық.

Осылайша, республика тұрғындарының әлеуметтік желілердегі көптеген хаттары мен өтініштеріне байланысты біз әлеуметтік төлемақы (42 500 теңге) алуға электрондық өтініш беру процесін оңайлаттық, атап айтқанда, енді «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауы» деген орынды толтыру міндетті емес, өйткені бұл орынды толтыру қиындық туғызатын және, көбінесе, дұрыс толтырылмайтын.

Ашып айтқанда, енді пайдаланушыға «Мазмұны» деген орында  «Төтенше жағдай кезеңіне міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушыларына әлеуметтік төлемақы беру» деп көрсету/таңдау жеткілікті, кейін қажетті өңірді көрсету және, ең бастысы, қызмет алушыларда еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалардың тиісті бөлімін (орталық аппарат немесе өңіріңіздегі бөлім) дұрыс және нақты таңдау қажет.

Бұл ретте, пайдаланушыда электрондық өтініш беру кезінде қолдану мерзімі жарамды ЭЦҚ болу тиіс, оны да үйден шықпай алуға болады. Бұл ретте, ХҚКО-ның қашықтан ЭЦҚ беру процесімен айналысатын қызметкерлерінің жұмыс кестесі мынадай: дүйсенбі – жұма күндері сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін, сенбі күні – сағат 09.00-ден 14.00-ге дейін, жексенбі күні  - демалыс. 

Анықтама ретінде:

Бүгінгі күні мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мен сервистерді:

1. Egov.kz - www.egov.kzпорталы арқылы

2. Facebook және ВКонтакте мессенджері (адаммен жеке хабар алмасу сияқты) арқылы;

3. Telegram-bot - @EgovKzBot2.0 арқылы;

4. eGovMobile (AppStore/GooglePlay) қосымшасы арқылы алуға болады.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мен сервистерді алу, сондай-ақ жеке тұлға қашықтан ЭЦҚ  алу жөніндегі әр қадам берілген бейне нұсқаулықтармен eGov.kz порталының YouTube-арнасында (https://www.youtube.com/egovkzteam) таныса аласыздар.

Консультациларды  Facebook және ВКонтакте мессенджері немесе ҚР Бірыңғай байланыс орталығының 1414 тегін нөмірі арқылы алуға болады.

НҰСҚАУЛЫҚ