Skip to main content

«ҰАТ» АҚ ақпараттық технологияларды интеграциялау жұмысын жалғастырады

Ботагөз Қасабек айтып өткендей, аталған бағытта «Ұлттық ақпараттық технологиялар» компаниясы ақпараттық технологияларды (АТ) интеграциялау жұмыстарын тұрақты түрде жүргізеді.

«Бүгінгі таңда мемлекеттік органдардың 157 ақпараттық жүйесін интеграциялау жүзеге асырылды. Банктердің бюджетке төлемдер төлеумен байланысты жасалған төлемдер және (немесе) ақша аудару туралы мәліметтер мен ақпаратты мемлекеттік органдарға ұсыну тұрғысынан электронды үкіметтің төлем шлюзіне екінші деңгейдегі 32 банк қосылды, оның ішінде «Қазпошта» бар», — деді Ботагөз Қасабек.

АТ интеграциялаудың арқасында «бір терезе» қағидасы бойынша кешенді қызметтер ұсынуға көшу жүзеге асырылады, онда бірнеше интеграцияланған АТ пайдалану негізінде пайдаланушыға бір өтініммен, бірнеше ведомствоға бармай-ақ қызмет көрсетулер қолжетімді.

«Бүгінгі таңда электронды үкімет порталы 237 қызмет көрсету мен сервисті, eLicense.kz электронды лицензиялау порталы – 440 автоматтандырылған қызмет алуды ұсынды. Олардың ішінде бизнесті тіркеу және дамыту, лицензиялау, салықтар, банк ісі, субсидиялау және т.б. тұрғысынан бизнес бойынша 44 онлайн-қызмет қолжетімді», — деп атап өтті Б. Қасабек.

2017 жылғы мәлімет бойынша 17 986 990 949 теңге сомаға 1 911 325 транзакция жасалды. Жалпы, порталда сервис жұмыс істеген аралықтағы барлық төлемдер сомасы 47 млрд теңгеден асты.

Қазіргі уақытта, оңтайландырудың арқасында бизнесті онлайн тіркеу жеңілдетілді. Еgov арқылы 2012 жылдан бастап 177 824 астам компания ашылды. 2017 жылы 48 367 астам заңды тұлға тіркелді.

Сондай-ақ, egov.kz порталында «Банк есепшотын ашуды және еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде жұмыскерді жазатайым оқиғадан міндетті сақтандыруды ескерумен заңды тұлғаны тіркеу» жаңа композиттік қызмет көрсетуі іске қосылды.

Осылайша, ендігі заңды тұлғаны тіркеу кезеңінде банк есепшотын электронды ашуға өтініш беру және жұмыскерлерді сақтандыру келісімшартын жасау мүмкіндігі бар. Екінші деңгейдегі банктерді және сақтандыру компанияларын қосу жұмыстары жүргізілді.  

Бұдан өзге, 2018 жылдан бастап «электронды үкімет» веб-порталында үшінші тұлғалардың тұрғылықты орнынан мекен-жай анықтамасы, жылжымайтын мүліктің жоқтығы (бар болуы) туралы, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар туралы анықтамалар сияқты электронды анықтамаларды алу бойынша сервис қолжетімді.