"ҰАТ" АҚ, ЦДИАӨМ және ХӘБ цифрлық технологиялар саласында GovStack бастамасы шеңберінде ынтымақтасатын болады
Цифрлық технологиялар саласында GovStack бастамасы шеңберінде ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі Министрлігі, Халықаралық электр байланысы одағы және "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ арасында ынтымақтастық туралы декларацияға қол қойылды.
GovStack - БҰҰ-ың халықаралық телекоммуникация Одағы, Эстония Сыртқы істер министрлігі, Германияның Федералды ынтымақтастық және экономикалық даму министрлігі, Германияның халықаралық ынтымақтастық негізін қалаған жаһандық бастамасы. GovStack бастамасы мемлекеттік және жеке ұйымдарға мемлекеттік қызметтерді цифрландыруды сәтті масштабтау үшін қажетті құралдар мен білім бере отырып, цифрлық әлемді барынша тиімді пайдалануға мүмкіндік беруге бағытталған.
Ынтымақтастық жөніндегі міндеттеме ретінде ҰАТ АҚ өңірде GovStack-ті қолдау үшін кеңсе құрады, ол бүкіл Орталық Азия және Кавказ өңірінің үкіметтері үшін білім алмасу, әлеуетті арттыру және техникалық қолдау орталығы болады, соның арқасында елдер өздерінің бірегей проблемаларын шешу үшін технологиялардың мүмкіндіктерін тиімді пайдалана алады.
Бастама шеңберінде ҰАТ АҚ өзінің IТ-шешімдерін өңірде ғана емес, жалпы әлемдік қоғамдастықпен де бөлісетін болады. Қазіргі уақытта ҰАТ АҚ электрондық үкіметінің IT–шешімдерін цифрлық қоғамдық игіліктермен (DPG) тану бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұл IT өнімдері open-source сайтында қолжетімді болады.
"Govtech және аймақтағы онлайн қызметтерді ұсынуда көшбасшы бола отырып, біз өз тәжірибемізді серіктестерімізбен бөлісуге әлеуметтік жауаптымыз. Біздің цифрлық даму Министрлігі, "ҰАТ" АҚ және БҰҰ жанындағы ITU арасындағы ынтымақтастығымыз технологиялық прогресті ілгерілетуге және цифрлық теңсіздікті қысқартуға бағытталған. Біз бірге білім алмасуды жалғастырамыз және жаңа цифрлық өнімдерді жасау үшін жұмыс істейміз", - деп "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ Басқарма Төрағасы Ростислав Коняшкин атап өтті.