«ҰАТ» АҚ-да кәсіподақтың конференциясы өтті
Бүгін «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ кәсіподағының бірінші конференциясы өтті, онда компания жұмыскерлері қатарынан жергілікті кәсіптік одақ басқармасының мүшелері сайланды.
Іс-шара барысында келесі мәселелер қаралды:
1. Кәсіподақ Жарғысын бекіту;
2. Кәсіподақтың Атқарушы комитетін сайлау;
3. Кәсіподақ төрағасы мен хатшысын сайлау;
4. Кәсіподақтың тексеру комиссиясын сайлау;
5. Бастауыш ұйым және тексеру комиссиясы туралы Ережелерді бекіту.
Осылай, «ҰАТ» АҚ бастауыш кәсіподақ ұйымының делегаттары бірауыздан кәсіподақ төрағасы, Байланыс орталығы департаментінің директоры Асхат Рахымбаевты сайлады. Нұр- Сұлтан қаласы бойынша Ақпараттық технологиялар орталығының директоры Нұрлан Кәрімов кәсіподақ хатшысы болып сайланды.
Кәсіподақ төрағасы қатысушыларды Жарғымен, миссиясымен, болашақ жоспарларымен және кәсіподақ алдына қойған негізгі міндеттерімен таныстырды. «Мен барлығымызды белсенді пікірлестерге бірігуге және ортақ идеяларды, мақсаттарды ілгерілетуге және жұмыскерлердің әлеуметтік қамтамасыз етілуін арттыруға мүмкіндік беретін кәсіподақ құрылуымен құттықтаймын», - деп атап өтті Асхат Рахымбаев.
Сондай - ақ, А.Рахымбаев кәсіподақ болашақта салалық болуға және барлық ниет білдірушілер-IT саласының өкілдерін біріктіруге ұмтылатынын атап өтті.
Кәсіподақ ағымдағы жылғы 24 ақпанда ресми түрде тіркелді, оның мақсаты оның мүшелерінің еңбек және әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғау болып табылатынын айта кетуіміз тиіс. Кәсіподақ құрамына 100-ден астам жұмыскер кіреді.