Skip to main content

"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ Электрондық үкімет порталындағы пайдаланушының жеке кабинетінде – "Медициналық жазбалар" деген жаңа бөлім пайда болғанын хабарлайды

Осында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйелерінен алынған пациент туралы дербес мәліметтер көрсетіледі.

Бұл деректер 4 негізгі блок бойынша бөлініп берілген:

1) Жалпы ақпарат – пациенттің өз тіркеу учаскесі бойынша мәліметтері, тиісті медициналық ұйымның атауы, учаскелік дәрігерге қатысты  деректер, тіркеу күні мен оның себебі көрсетіледі;

2) диспансерлік есеп – диагнозы мен есепке қойылған күні көрсетіледі;

3) рецептілер – жазып берілген медициналық препараттар бойынша мәліметтер, оны берген медициналық ұйымның атауы, препараттың жазып берілген күні және рецептінің сәйкестендіргіші көрсетіледі;

4) Стационар – пациенттің дербес деректері, дәрігердің аты-жөні, жіберген медициналық ұйымның атауы, емдеуге жатқызу коды мен күні, диагнозы, жарақаттың түрі және басқа да мәліметтер болады.

Сіз кез келген уақытта және дүниежүзінің әр түкпірінен өзіңіздің жеке медициналық ақпаратыңызға тез қол жеткізе аласыз. Сол себепті бұл өте ыңғайлы болмақ.

 

Сізге пайдалы болу үшін eGov.kz порталы күн сайын даму үстінде  және жетілдірілуде.