Жасанды интеллект экожүйесі

Ұлттық жасанды интеллект платформасы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ әзірлеп жатқан және Қазақстанның мемлекеттік мекемелеріне генеративті мәтіндік жасанды интеллекттің мүмкіндіктерін пайдалануға қолдау көрсететін орталықтандырылған инфрақұрылым болып табылады.
Ұлттық жасанды интеллект платформасын құрудың басты мақсаттары – жасанды интеллектті дамытуға арналған бірыңғай экожүйе қалыптастыру, деректерді жинау мен талдауды автоматтандыру, сондай-ақ мемлекеттік басқару тиімділігін арттыру. Бұл жоба қызмет көрсету сапасын жақсартып, Қазақстанның жасанды интеллект саласындағы халықаралық беделін күшейтуге бағытталған.