«Электрондық үкіметтің» төлем шлюзі
«Электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі - ЭҮТШ) «электрондық үкімет» шеңберінде электрондық мемлекеттік және мемлекеттік емес қызметтерді көрсету үшін жеке және заңды тұлғалардың төлемдерін жүзеге асыру кезінде екінші деңгейдегі банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың және «электрондық үкіметтің» ақпараттық жүйелері арасындағы өзара іс-қимылды қамтамасыз ету мақсатында құрылды.
ЭҮТШ – нің міндеттері мен бағыттары:
- «электрондық үкіметтің» шеңберінде ұсынылатын салықтарды және бюджетке төлемдерді төлеу талап ететін мемлекеттік қызметтерді төлеу процесін автоматтандыру;
- мемлекеттік қызметтерді өзекті ақпараттық төлемдер бойынша базасын құру және оған уәкілетті органдарға қол жеткізуді қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасы халқын «электрондық үкіметтің» шеңберінде қол жетімді механизмдерін және мемлекеттік қызметтерді төлеу тәсілдермен қамтамасыз ету.
Егер бұрын қызмет ақысын төлеу үшін банкке бару керек болса, қазір
- Салық және басқа міндетті төлемдер «электрондық үкіметтің» веб-порталы, mGov Web-қосымша, «Салық төлеуші кабинеті», ХКО ЫАЖ, «Е-лицензиялау» МДҚ, Сот кабинетінің сервисі, ҚРҚМ ММЖК Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталы және мемлекеттік органдарының басқа жүйелері арқылы екінші деңгейдегі банктердің және «Қазпошта» АҚ бойынша бюджетке төлеу сервисі, шот-өтінімі бойынша ақы төлеу;
- Әкімшілік айыппұлдарды және жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін айыппұлдары төлеу сервисі;
- Алматы қ. және Астана қ. коммуналдық қызметтер төлемі сервисі;
- Ұялы байланыс төлемі сервисі;
- «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-дағы депозиттік/несиелік шотты толықтыру сервисі;
- «Қазпошта» АҚ атқарушылық іс жүргізу бойынша берешектерді төлеу сервисі арқылы қызметті онлайн төлеуге болады.
ЭҮТШ сервистеріне 32 екінші деңгейдегі банктері және «Қазпошта» АҚ қосылған. «Электрондық үкіметтің» төлем шлюзі мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен өзара іс-қимыл келесі құжаттарға сәйкес жүзеге асырылады:
- Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 104 бұйрығымен бекітілген «Электрондық үкімет» шлюзінің, «электрондық үкіметтің» төлем шлюзінің ақпараттық жүйелермен интеграциясының қағидалары;
- Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 276 бұйрығымен бекітілген Банктердің "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы мемлекеттік органдарға, соттарға бюджетке төлемдер төлеумен, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды аударумен, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге ақы төлеумен байланысты жүзеге асырылған төлемдер және (немесе) ақша аударымдары туралы мәліметтер мен ақпаратты беруі қағидалары.