Skip to main content

Smart Data Ukimet

Smart Data Ukimet - мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде жинақталатын деректерді жинау, сақтау және кешенді талдауға арналған ақпараттық-аналитикалық жүйе.

Қазіргі уақытта SDU-мен Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары ақпараттық жүйелерінің 100 деректер қоры интеграцияланған, олар үлкен деректер негізінде шешім қабылдау жүйелерін құру үшін күн сайын «Деректер көліне» көшіріледі.

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп Data Driven-Government тұжырымдамасына сәйкес басқарушылық шешімдер қабылдау мақсатында Үкіметті объективті аналитикалық деректермен қамтамасыз етуге бағытталған 20-дан астам статистикалық дашборд іске асырылды.

Азаматтар мен бизнестің барлық дербес және сезімтал деректері шифрлау рәсімінен өтеді және дербестендірілмеген ақпарат массиві түрінде «Деректер көліне» түседі.

SDU платформасындағы ең маңызды кейс – халықтың әлеуметтік осал топтарын анықтау және оларға мемлекеттік қолдау шараларын бағыттау мақсатында бүкіл ел бойынша отбасылардың әлеуметтік әл-ауқатын бақылауға арналған «Отбасының цифрлық картасы» жобасы болып табылады.

SDU ААЖ мемлекеттік органдардың деректерді басқарудағы мүмкіндіктерін едәуір жақсартады, бұл өз кезегінде тиімді шешім қабылдауға және ағымдағы жағдайды дәлірек талдауға ықпал етеді.

SDU ақпараттық-талдау жүйесі 2023 жылғы беделді Future of Government Awards марапатында Open Source Adaption санатында ТОП-3 (highly recommended) қатарына енді. Әлемнің 50 елінен 300 жобаның ішінде SDU жобасын ұйымдастырушылар – БҰҰ ДБ, Public Digital және AWS институты атап өтті, және басқа елдерде пайдалануға ұсынылады.