Skip to main content

Қоғаммен байланыс бөлімінің жетекші менеджері

Кандидатқа қойылатын талаптар:

Білімі: жоғары кәсіптік. Әлеуметтік-экономикалық ғылымдар және бизнес; Құқық; Жаратылыс тану ғылымдары; Гуманитарлық ғылымдар; Көрсетілетін қызметтер; Өнер

Талаптар:

  • PR менеджмент және жарнама негіздері мен принциптерін білу;
  • маркетинг, менеджмент, экономика негіздерін түсіну қабілеті;
  • PR стратегияларын құрастыра білу және PR кампанияларының принциптерін білу;
  • мақалалар, пікіртерімдер, пресс-релиздер жазу, жарнамалық материалдарды жасау мүмкіндігі;
  • көрмелерді, әртүрлі мамандандырылған семинарларды, баспасөз конференциялар ұйымдастыру, басқару және жоспарлау және нәтижелерді бағалау тәжірибесі.

Міндеттері:

  • Қоғам басшылығының әртүрлі ұйымдармен, қоғамдық топтармен және бұқаралық ақпарат құралдарымен тұрақты және тиімді өзара іс-қимылын ұйымдастыру;
  • Қоғам басшылығының әртүрлі ұйымдармен, қоғамдық топтармен және бұқаралық ақпарат құралдарымен тұрақты және тиімді өзара іс-қимылын ұйымдастыру;
  • ақпарат және әлеуметтік медиа көздеріне мониторинг жүргізу;
  • жаңалықтар оқиғаларын құру: пресс-релиз (пост) жазу және баспасөз іс-шараларын ұйымдастыру;
  • БАҚ өкілдері қойған сұрақтарға дұрыс жауаптар дайындау (нақты ҚБҚ құзыреті шегінде ақпаратты сұрату);
  • Қоғамның веб-порталында «Жаңалықтар» бөлімінде ақпараттық материалды толтыру мен орналастыруды үйлестіру және мониторингілеу (пресс-релиздерді, жаңалықтарды жариялау, БАҚ-қа тарату);
  • жазбаша сұхбаттарға жауаптар жобаларын дайындау, Басқарма төрағасының сөйлейтін сөзінің жобаларын дайындау;
  • БАҚ-пен өзара іс-қимыл (сюжеттер түсіруді, сұхбаттар ұйымдастыру және олардың сұрауларына жауап дайындау);
  • ақпарат жинау және медиа жоспар құру (апталық және жылдық).

 

Компания төмендегілерді ұсынады:

  • қызметкерлерді оқыту және олардың біліктілігін жоғарылату курстарынан өткізу (соның ішінде халықаралық стандарттар бойынша);
  • 2 (екі) лауазымдық жалақы мөлшерінде жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына денсаулықты сауықтыруға арналған жәрдемақы;
  • тоқсан сайынғы сыйлықақы;
  • заманауи және ыңғайлы кеңсе;
  • елорданың барлық аудандары арқылы жүретін қызметтік автобустармен таңертең және кешке тасымалдау.

Шарттар:

Жұмыс жағдайы:

  • жалақы мөлшері әңгімелесу барысында талқыланады;
  • жұмыс уақыты: сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, 5/2.

Түйіндемеңізді hr@nitec.kz электрондық поштасына жіберіңіз.

 

Аймақ:
Астана
Өтініш қалдырыңыз, біз Сізге хабарласамыз!
One file only.
30 MB limit.
Allowed types: gif jpg jpeg png bmp eps tif pict psd txt rtf html odf pdf doc docx ppt pptx xls xlsx xml avi mov mp3 ogg wav bz2 dmg gz jar rar sit svg tar zip.