Skip to main content
  • Қазақстанның Бірыңғай байланыс орталығы «Хрустальная гарнитура» марапатына ие болды

    Қазақстанның Бірыңғай байланыс орталығы «Хрустальная гарнитура» марапатына ие болды

    Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтері бойынша анықтамалық қызмет көрсететін 1414 Бірыңғай байланыс орталығы «Хрустальная гарнитура» халықаралық  конкурсының «Мемлекеттік органдар мен ТҮКШ секторында халыққа қызмет көрсететін үздік орталық» номинациясы бойынша әділ қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды. Наурыздың 22-і Мәскеуде өткен XIII марапаттау рәсімінде 34 номинация бойынша жеңіске қол жеткізген ұйымдарға «Хрустальная гарнитура» марапаты табысталды.

  • Құрметті отандастар!

    Құрметті отандастар!

    Шуақты мейрам, күн мен түн теңеліп, күллі тіршілік қайта жаңғырып, жұртшылық асыға күтетін  Наурыз мерекесімен «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ ұжымының атынан шын жүректен құттықтаймыз!

    Мереке қарсаңында баршаңыздың дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық, отбасыларыңызға амандық, ырыс пен ынтымақ тілейміз!

    Табиғаттың жаңаруын сезіндіріп, жүректерге ерекше жылулық сыйлайтын Наурызбен бірге жаңа шыңдарды бағындыру жолында  шабыт пен күштеріңіз артып, үлкен жетістіктерге қол жеткізулеріңізге тілектеспіз.

  • «ҰАТ» АҚ футболдан өткен мини-турнирда жеңіске жетті

    «ҰАТ» АҚ футболдан өткен мини-турнирда жеңіске жетті

    «ҰАТ» АҚ-ның футбол командасы ер азаматтар арасында мини-футболдан өткен жарыста жеңіске жетті. Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Кубогы үшін 16 топ таласқа түсті. Олардың қатарында Талдау және ақпарат орталығының, Орталық коммуникациялар қызметінің, «Зерде» холдингінің, «Хабар» және «Қазақстан» телеарналарының, «Қазақпарат» ХАА және басқа БАҚ өкілдерінен құралған командалар бар.

  • ВЕБИНАР: «Ашық үкімет» порталындағы заңдар жобасын талқылау және жаңа мүмкіндіктерді пайдалану

    ВЕБИНАР: «Ашық үкімет» порталындағы заңдар жобасын талқылау және жаңа мүмкіндіктерді пайдалану

    Наурыздың 16-ы сағат 17:00-де барлық азаматтарға арналған «Ашық үкімет іс-жүзінде: қажетті ақпаратты қалай алу керек, заңдар мен бюджеттердің жобасын қалай талқылау керек» тақырыбында тегін вебинар өтеді.

  • Жыл басынан бері 1414 Бірыңғай байланыс орталығына 900 мыңға жуық өтінім түсті

    Жыл басынан бері 1414 Бірыңғай байланыс орталығына 900 мыңға жуық өтінім түсті

    2017 жылдың алғашқы екі айында мемлекеттік қызметтер бойынша жұмыс жасайтын 1414 Бірыңғай байланыс орталығына 857 643 өтінім түскен. Былтырғы жылдың қаңтар-ақпан айларында бұл көрсеткіш 772 065-ті құрады. Бұл өтінімдерге телефонға қоңырау шалулар, электрондық поштаға келген хаттар мен форумға түскен сауалдар жатады. Биылғы жылдың қаңтар-ақпан айларында қабылданған қоңыраулардың саны ғана 818 192-ні құраған (қаңтар – 433 867, ақпан – 384 325).

  • «Ашық НҚА» порталында Киберқауіпсіздік тұжырымдамасы талқылануда

    «Ашық НҚА» порталында Киберқауіпсіздік тұжырымдамасы талқылануда

    Киберқауіпсіздік тұжырымдамасы («Қазақстанның киберқалқаны») талқылау, оған ұсыныныстар мен идеялар енгізу үшін «Ашық НҚА» порталында жарияланды. Тұжырымдама ақпараттандыру және байланыс саласында қоғам мен мемлекеттің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану барысында азаматтардың жеке өміріне қол сұғылмауын сақтау мақсатында әзірленген.