Skip to main content
  • ҚАЗАҚСТАН – КОРЕЯ: «ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҮКІМЕТ» САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

    ҚАЗАҚСТАН – КОРЕЯ: «ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҮКІМЕТ» САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

    24-сәуірде Астана қаласында электрондық үкімет саласындағы ынтымақтастық мәселелері бойынша Қазақстан және Корея өкілдері арасында кездесу өткізілді. Мемлекеттік басқару және ішкі істер бойынша вице-министрі Ким Сонг Рёл бастаған Оңтүстік Кореядан келген делегацияны ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев қарсы алды.

  • Хакатон «Open Data Kazakhstan»

    Хакатон «Open Data Kazakhstan»

    29-30 сәуірде Алматыда «OpenDataKazakhstan» хакатоны өтеді. «Microsoft Kazakhstan» компаниясы, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және MOST Бизнес-инкубаторы компаниялары бірігіп шараны өткізеді.

  • Ақпараттық хабарлама

    Ақпараттық хабарлама

    Мемлекеттік қызметтер стандартының күшіне енуіне байланысты «Сотталғандығы болуы не болмауы туралы анықтама беру» қызметінде заңбұзушылыққа сәйкес мәліметтердің көрсетілу процесіне өзгерістер енгізілді. Интеграция процесінің техникалық ерекшеліктерін ескере отырып аталған анықтаманы алу барысында кейбір ыңғайсыздықтар болуы мүмкін.

    Осыған орай, сәйкессіздіктер анықталған жағдайда 1414 Бірыңғай байланыс орталығына хабарласуды сұраймыз.

    Алдын-ала қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз.

  • IT-мамандарды дайындау сұрақтары дөңгелек үстелде талқыланды

    IT-мамандарды дайындау сұрақтары дөңгелек үстелде талқыланды

    Астанада IT-мамандарды дайындауға арналған дөңгелек үстел өтті. «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ ұйымдастыруымен өткен шараға отандық жетекші жоғарғы оқу орындарының проректорлары, кафедра меңгерушілері мен ұстаздары қатысты. Дөңгелек үстелге қатысушылар екі жақты ынтымақтастық пен IT-мамандарды дайындау процесі және жас мамандарды жұмысқа орналастыру сұрақтарын талқылады.

  • Назарбаев университетінің студенттері Ашық үкіметтің мүмкіндіктерімен танысты

    Назарбаев университетінің студенттері Ашық үкіметтің мүмкіндіктерімен танысты

    Назарбаев университеті Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің студенттеріне Ашық үкімет бойынша арнайы лекция ұйымдастырылды. Болашақ саясаткерлерге Ашық үкімет құралдарын нәтижелі пайдаланудың әдістері туралы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Жанат Мырзабеков жіті талқылап берді.

    Биылғы жылдың ақпан айында Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы Қазақстанға ашық үкіметті дамыту үшін коммерциялық емес ұйымдармен, журналистермен, ғалымдар және сарапшылар қауымымен байланысты нығайтуға кеңес берген болатын.

  • Сотталмағаны туралы анықтаманы бір реттік sms-құпиясөз арқылы алуға болады

    Сотталмағаны туралы анықтаманы бір реттік sms-құпиясөз арқылы алуға болады

    Сотталмағаны туралы анықтаманы электронды үкімет порталынан алу үшін электронды цифрлық қолтаңбаның қажеті жоқ. Қазақстандықтар egov.kz порталында авторизациялаудан өткеннен кейін ұялы телефонға келіп түсетін  бір реттік sms-құпиясөз арқылы аталған анықтаманы ала алады.

  • Қазақстан республикасының электрондық үкіметіне 11 жыл

    Қазақстан республикасының электрондық үкіметіне 11 жыл

    Тура 11 жыл бұрын, 2006 жылы сәуірдің 12-сі eGov.kz атты Қазақстанның электрондық үкіметі іске қосылды. Порталдың көмегімен құжаттарды алу процессін жеңілдететін жаңа қызметтер мен сервистер саны жыл санап артып келеді. Бүгінгі таңда электрондық үкіметтің инфрақұрылымы арқылы 700-ден астам қызмет пен сервис жүзеге асырылуда. Электрондық үкімет іске қосылғаннан бері халыққа 168 миллионнан астам қызмет көрсетілді.

  • Электрондық цифрлық қолтаңбаның қызметін онлайн ұзартуға болады

    Электрондық цифрлық қолтаңбаның қызметін онлайн ұзартуға болады

    Электрондық цифрлық қолтаңбаның қызметін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына (ХҚКО) бармай-ақ онлайн режимде ұзартуға болады. Мұндай қызмет Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығының (ҚР ҰКО) www.pki.gov.kz сайтында қолжетімді. ЭЦҚ кілтін оның жұмыс жасау мерзімі аяқталғанға дейін ғана создыруға болатынын айта кеткен жөн. Егер де қолтаңбаның мерзімі аяқталған болса пайдаланушыларға цифрлық қолтаңбаны іске қосу үшін ХҚКО-на баруға тура келеді.