Skip to main content
  • Біздің санымыз 500 000-ға жетті

    Біздің санымыз 500 000-ға жетті

    Достар, бүгін сіздермен тамаша жаңалықпен бөліскіміз келеді - EgovKzBot - та 500 000-шы пайдаланушы тіркелді!

    Ең алдымен біз бәріне өте қолайлы сервисімізді құруға қатысқан барша мамандарды құттықтағымыз келеді. Біздің әрбір жобамыз мұқият көңіл бөлуді талап ететін кішкене бала секілді және ол көп күш-қуат қажет етеді. Күн сайын #ҰАТ қызметкерлері біздің EgovKzBot жақсы бола түсуі үшін жұмыс істейді.  Біз 500 000 қазақстандық EgovKzBot-ты таңдағанына қуаныштымыз, бұл бізді алға жылжуға ынталандырады және шабыт береді! Достар, сеніміңіз үшін көп рахмет!

  • Енді салық есептілігін кері қайтару оңайырақ болды

    Енді салық есептілігін кері қайтару оңайырақ болды

    2019 жылғы 7 тамыз "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ eGov порталында "Салық есептілігін кері қайтарып алу" жаңа қызметі қолжетімді екенін хабарлайды.

    Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің қолдауымен "Салық есептілігін кері қайтарып алу" мемлекеттік көрсетілетін қызметін оңтайландыру бойынша жол картасын іске асыру шеңберінде "электрондық үкіметтің" порталында жаңа қызмет іске қосылды, сондай-ақ кейбір өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

    ■ 2018 жылғы 1 қаңтарданбастапқолданысқаенгенСалықкодексініңшеңберінде:

  • "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ Электрондық үкімет порталындағы пайдаланушының жеке кабинетінде – "Медициналық жазбалар" деген жаңа бөлім пайда болғанын хабарлайды

    "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ Электрондық үкімет порталындағы пайдаланушының жеке кабинетінде – "Медициналық жазбалар" деген жаңа бөлім пайда болғанын хабарлайды

    Осында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйелерінен алынған пациент туралы дербес мәліметтер көрсетіледі.

    Бұл деректер 4 негізгі блок бойынша бөлініп берілген:

    1) Жалпы ақпарат – пациенттің өз тіркеу учаскесі бойынша мәліметтері, тиісті медициналық ұйымның атауы, учаскелік дәрігерге қатысты  деректер, тіркеу күні мен оның себебі көрсетіледі;

    2) диспансерлік есеп – диагнозы мен есепке қойылған күні көрсетіледі;

  • Ақпараттық хабарлама

    Ақпараттық хабарлама

    «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ жоспарлы-профилактикалық жұмыстардың жүргізілетінін хабарлайды. 1414 Қазақстан Республикасы Біріңғай байланыс орталығының жұмысы 10 тамыз айының сағат 21:00-ден бастап келесі күннің сағат 09.00-іне дейін қол жетімсіз болады.

    Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз!

  • Ендігі жерде еңбек иммигранттарына рұқсатты үйден шықпай-ақ ұзартуға болады

    Ендігі жерде еңбек иммигранттарына рұқсатты үйден шықпай-ақ ұзартуға болады

    "Ұлттық ақпараттық технологиялар "АҚ eGov порталында "Еңбек иммигранттарына рұқсат беру және ұзарту " жаңа мемлекеттік қызметінің іске қосылғанын хабарлайды.

  • eGov.kz порталынан әлеуметтік аударымдардың жай-күйі мен қозғалыстары туралы ақпаратты алуға болады

    eGov.kz порталынан әлеуметтік аударымдардың жай-күйі мен қозғалыстары туралы ақпаратты алуға болады

    "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ "Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысына әлеуметтік аударымдардың жай-күйі мен қозғалыстары туралы ақпараттыберу"  жаңа электрондық мемлекеттік көрсетілетін қызмет іске қосылғандығы туралы хабарлайды.  

    Ендігі жерде пайдаланушы өзіне ыңғайлы кез келген уақытта әлеуметтік аударымдарды аударудың және аударудың толықтығы мен уақтылығы туралы ақпарат ала алады.

  • Енді eGov.kz порталында борыштық жүктемелердің кімге төмендетілетіндігін білуге болады

    Енді eGov.kz порталында борыштық жүктемелердің кімге төмендетілетіндігін білуге болады

    "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ eGov.kz порталында "Борыштық жүктемені азайту бағдарламасына қатысу үшін мәртебені тексеру" жаңа сервисінің іске қосылғаны туралы хабарлайды.

    Енді, әрбір пайдаланушы сервистері бар модульдегі тиісті бағанды таңдап, оның берешекті өтеу жөніндегі шараларға қатысатын тұлғалар санатына жататынын тексере алады. Ақпаратты үйден шықпай-ақ "Электрондық үкімет" порталынан алуға болады.

    Осы сервисті алу үшін eGov.kz порталында тіркелген пайдаланушы болу қажет екенін естеріңізге сала кетейік.

  • Ақпараттық хабарлама

    Ақпараттық хабарлама

    Құрметті пайдаланушылар!

    «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ бүгін сағат 21:00-ден бастап ертеңгі күннің 03:00-іне дейін Мемлекеттік органдардың серверлік орталығында орналасқан телекоммуникациялық жабдықтарда жоспарлы жұмыстардың жүргізілетіндігі туралы хабарлайды.

    Осыған байланысты келесі интернет ресурстар қолжетімсіз болады:

    «Электрондық үкімет» порталы»;

    «Электрондық үкіметтің» төлем шлюзі;

    «Мобильді үкімет» қосымшасы;

    TelegramBot - EgoKzBot

    «Е-нотариат» бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйесі;