Skip to main content
  • Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға жеңілдетілген темір жол билеттерін онлайн сатып алу қолжетімді

    Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға жеңілдетілген темір жол билеттерін онлайн сатып алу қолжетімді

    Ағымдағы жылғы 28 шілдеден бастап ерекше қажеттіліктері бар тұлғалар жеңілдетілген билеттерді ресми сайттан www.bilet.railways.kz еgov mobile-дан алынған ЖСН және әлеуметтік ID 6-таңбалы кодты енгізу арқылы онлайн сатып ала алады. Жобаны Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен «Қазақстан Темір Жолы» АҚ «Самұрық-Қазына» АҚ қолдауымен іске асырды.

  • ХАБАРЛАНДЫРУ 06.08.2021

    ХАБАРЛАНДЫРУ 06.08.2021

    «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның Қоғамдық кеңесін құру жөніндегі жұмыс тобының 2021 жылғы 6 тамызда өткен отырысының №2 шешімімен «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның Қоғамдық кеңесінің құрамы БЕКІТІЛДІ.

    «ҰЛТТЫҚ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР» АҚ-НЫҢ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ҚҰРАМЫ:

    «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-дан өкілдері:

    Канаданова Жанар Ерғалиқызы – Құқықтық және корпоративтік мәселелер жөніндегі басқарушы директоры;

  • «Электрондық үкіметтің» порталында мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған 2 жаңа мемлекеттік қызмет іске қосылды

    «Электрондық үкіметтің» порталында мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған 2 жаңа мемлекеттік қызмет іске қосылды

    Енді eGov.kz-те ерекше қажеттіліктері бар адамдар үйде және медициналық-әлеуметтік мекемелерде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттарды ресімдеуге өтініш бере алады. Бұрын қызмет алу үшін ХҚКО немесе жергілікті атқарушы органға жүгіну қажет болатын.

    Қызметтерді «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп іске асырды.