АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ мессенджерлерде жіберілген ХҚКО сайты мен eGov Mobile мобильдік қосымшасының ақаулықтары туралы аудио хабарлама жалған болып табылатынын және шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлайды.
Электрондық үкімет порталы және eGov Mobile мобильді қосымшасы қалыпты жағдайда жұмыс істейді. Үшінші тұлғалар портал мен мобильді қосымша пайдаланушыларының деректеріне қол жеткізе алмайды.